01.11.2024 ж. бастап магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет тарифін өзгерту туралы
Артқа
29.10.2024

01.11.2024 ж. бастап магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет тарифін өзгерту туралы

«Алматы электр станциялары» АҚ осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша және Алматы облысы бойынша департаменттерінің бірлескен бұйрығымен 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіле отырып, магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифтер бекітілгенін хабарлайды:

– 01.11.2024 ж. бастап – 101,35 теңге/м³ (ҚҚС-сыз);
– 01.01.2025 ж.бастап ‒ 109,85 теңге/м³ (ҚҚС-сыз).

Тарифтер «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 22-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келесі негіз бойынша бекітілді:

– стратегиялық тауарлар түрінің және құнының және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға тарифтердің (бағалардың) өзгеруі.