01.09.2024 ж. бастап жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті өзгерту туралы
«Алматы электр станциялары» АҚ осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменттерінің 2024 жылдың 27 тамызындағы №92-НҚ және Алматы облысы бойынша №116-НҚ Бірлескен бұйрығымен 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіле отырып, жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге төмендегі тарифтердің деңгейлері бекітілгенін хабарлайды:
- 01.09.2024 ж. бастап – 5 412,67 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);
- 01.01.2025 ж. бастап – 5 394,18 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);
- 01.01.2026 ж. бастап – 5 503,88 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз).
Тарифтер «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 22-бабы 1-тармағының 1), 4) тармақшаларына сәйкес келесі негіздер бойынша бекітілді:
- стратегиялық тауарлардың түрі мен құнын және (немесе) стратегиялық тауарларды тасымалдауға мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің (бағаларды) өзгеруі;
- мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды, сондай-ақ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламасы.