Қауіпсіздік жаңа форматта: «АлЭС» VR-тренажерлер мен ойын тәжірибелерін меңгеруде
Қараша айында Астанада «Safety Games 360 Forum Kazakhstan» III халықаралық форумы өтті. Шараны «Safety Games 360» халықаралық сарапшылар мен ойын практиктері қауымдастығы және «Деловые информационные системы Казахстан» ЖШС ұйымдастырды. Форумға «АлЭС» АҚ атынан Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының мамандары: басқарма бастығы Сәкен Қожабеков пен бас менеджер Айсұлу Иржанова қатысты.

Форумның басты тақырыбы – формалды нұсқамалардан қызметкерлерді қауіпсіздік мәселелеріне белсенді тартуға көшу болды. Алғашқы күні ERG, Air Astana және Air Products секілді ірі өнеркәсіптік және көлік компаниялары оқытудың интерактивті форматтары өндірістегі тәуекелдерді азайтуға қалай септігін тигізетіні туралы практикалық кейстерін таныстырды. Екінші күн толығымен іс-тәжірибеге арналды. «АлЭС» өкілдері 20-дан астам тренажер мен цифрлық шешімді сынақтан өткізіп, олардың стандартты емес жағдайлардағы іс-қимылды пысықтауға қаншалықты тиімді әрі сәйкес келетінін бағалады.
– Форумға қатысу бізге нарықтың өзекті трендтерін бағалап қана қоймай, қызметкерлерді оқытуды көрнекі, тәжірибеге бағытталған және нәтижелі етуге көмектесетін нақты құралдарды таңдауға мүмкіндік берді, – деп атап өтті Айсұлу Иржанова.
Жинақталған тәжірибенің пайдасы келер жылы-ақ тиеді. 2027 жылы «АлЭС» компаниясында озық халықаралық тәжірибе мен еңбек жағдайларының ерекшеліктерін, оның ішінде аса қауіпті жұмыстарды ескере отырып, өндірістік қауіпсіздік саласындағы басшылар мен жұмыскерлерді, мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жоспарланған.

Қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және оқытудың заманауи форматтарына: VR/AR технологияларына, геймификацияға, цифрлық симуляторлар мен интерактивті сценарийлерге ерекше назар аударылады. Олар адамдардың өміріне нақты қауіп төндірмей-ақ, ықтимал қауіпті әрі апатты жағдайларды модельдеуге және іс-қимылды іс жүзінде пысықтауға мүмкіндік береді.
Жүйелі тәсіл, заманауи технологиялар және әрбір қызметкердің белсенді қатысуы – «АлЭС» АҚ-да қауіпсіз өндірістік орта осылай қалыптастырылады.