Қапшағай СЭС-інде 220 кВ АТҚ жабдықтары жаңартылды
Артқа
20.11.2026

Қапшағай СЭС-інде 220 кВ АТҚ жабдықтары жаңартылды

Ш.Чокин атындағы Қапшағай гидроэлектр станциясында (ГЭС) 220 кВ кернеулі ашық тарату құрылғысын (220 кВ АТҚ) қайта жаңғырту аяқталды. 2026 жылдың маусым мен қазан айлары аралығында алты ажыратқыш GE Vernova компаниясы шығарған заманауи GL314F1 элегазды ажыратқыштарына ауыстырылды.

Станцияның электр энергиясы 220 кВ АТҚ арқылы энергия жүйесіне беріледі. Ажыратқыштар электр тізбектерін, соның ішінде апаттық режимдерде де қосып, ажыратады. Бүкіл станцияның жұмысы олардың ақаусыз істеуіне тікелей байланысты.

Бұрынғы коммутациялық жабдықтың техникалық күйі оны ауыстыруды талап етті. Жаңа элегазды аппараттар әлдеқайда сенімді, жиі қызмет көрсетуді қажет етпейді және ұзақ қызмет етеді. Оларды орнату электр қондырғыларын пайдалану қауіпсіздігін және станцияның электр энергиясын беру сұлбасының орнықтылығын арттырады.

Жабдықты монтаждау және баптау жұмыстарын мердігер ұйымның мамандары орындады. Жұмыс барысында ескі ажыратқыштар бөлшектеліп, жаңалары орнатылды және желіге қосылды, сондай-ақ іске қосар алдында тексеру мен сынақтан өткізілді. – 220 кВ АТҚ – қуат беру сұлбасының негізгі элементтерінің бірі. Өндірілген энергияны желіге үздіксіз жеткізу оның жабдықтарының сенімділігіне байланысты. Жаңа ажыратқыштар істен шығу қаупін азайтып, коммутациялық операцияларды қызметкерлер үшін қауіпсіз етеді, – деп түсіндірді Қапшағай СЭС-інің бас инженері Максим Мамырин.

220 кВ АТҚ-ны қайта жаңғырту станцияны техникалық жаңартудың кезекті кезеңі болды.