Жөндеу ісі шеберінің мерейтойы
Артқа
07.11.2026

Жөндеу ісі шеберінің мерейтойы

Қараша айында «Энергоремонт» ӨЖК қазандық және тозаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарі Мирамбек Мұратбекұлы Жалғасбаев 50 жасқа толған мерейтойын атап өтті. Оның жалпы еңбек өтілі 32 жылдан асады.

Мирамбек Мұратбекұлы энергетика саласына 2015 жылдың мамыр айында Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-ның қазандық жабдықтарын жөндеу учаскесіне 3-разрядты слесарь болып келді. Мұнда ол жабдықтар мен жөндеу ісінің қыр-сырын меңгеріп, кейін станцияның қазандық цехында еңбек етті.

2018 жылдың қаңтарынан бастап ол 2-ЖЭО-да, «Энергоремонт» ӨЖК-нің қосалқы қазандық жабдықтарын жөндеу учаскесінде жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде ол 3-разрядты слесарьдан 5-разрядқа дейін өсті, әрі оның әрбір жаңа разряды терең біліммен және мол тәжірибемен шыңдалды.

Жөндеушінің еңбегі көбіне көзге көрінбейді: жабдық сақадай сай болып, станция қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанда, олар жайлы көп адам еске ала бермейді. Десе де, ақауларды дер кезінде жойып, жабдықты алдағы пайдалануға әзірлейтін – дәл осы жөндеуші мамандар. Мирамбек Мұратбекұлы бұл кәсіптің әрбір қалтарысын бес саусағындай біледі.

Ол әрбір ұсақ-түйекке дейін аса мән беріп, жасалған әрбір жөндеудің сапасына толық жауапкершілікпен қарайды.

Ұжымда оны өз ісіне аса жауапты, қиындықтан қаймықпайтын жан ретінде қадірлейді.

– Мирамбек Мұратбекұлы – сенімді маман әрі адал жолдас. Тәжірибесі мол, ең бастысы – өз ісін жанымен сүйеді, – дейді 2-ҚҚЖЖУ (УРВКО-2) бастығы Ергембай Қанатқұл.

«Энергоремонт» ӨЖК ұжымы Мирамбек Мұратбекұлын 50 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

Құрметті Мирамбек Мұратбекұлы! Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт пен амандық тілейміз. Шаңырағыңызда әрдайым жылулық пен жақындарыңыздың қолдауы күтіп тұрсын, жұмысыңыз тек қана қуаныш пен қанағат сыйласын, ал демалысқа, сүйікті ісіңізге және достарыңызбен кездесуге әрқашан уақыт табыла берсін!