Еңбегімен танылған азамат
2026 жылғы 17 қазанда «Энергоремонт» ӨЖК-нің 4-разрядты қолмен дәнекерлеушісі Жақсылық Байжариков 50 жасқа толған мерейтойын атап өтті.
Оның 29 жылға жуық еңбек өтілі бар. Бұл – талай жылғы еңбек, мол тәжірибе және істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау дағдысы.
Жақсылық Байдұлпаұлы «Энергоремонт» ӨЖК-ге 2024 жылдың қыркүйегінде бетоншы болып жұмысқа орналасты. Арада бірнеше ай өткен соң қолмен дәнекерлеуші мамандығын меңгеріп алды, ал 2026 жылдың қаңтарынан бастап 2-ЖЭО-дағы энергия жабдықтарын жөндеу цехының қосалқы қазандық жабдықтарын жөндеу учаскесінде 4-разрядты электр дәнекерлеуші болып еңбек етеді.
Дәнекерлеушінің жұмысы дәлдікті, ұқыптылықты және қолдың ептілігін талап етеді. Бұл істе кәсіпті жетік меңгеріп қана қоймай, нәтижеге деген жауапкершілікті сезіне білу де маңызды. Жабдықтың сенімді жұмыс істеуі мен оны әрі қарай пайдалану атқарылған жұмыстың сапасына тікелей байланысты.
Әріптестері Жақсылық Байдұлпаұлын сабырлы, адал әрі сенімді жан ретінде таниды.
– Ол артық сөзді ұнатпайды. Бір іске кіріссе, оны мұқият әрі соңына дейін тиянақты орындайды. Оған толық сенім артуға болады, – деп атап өтті ҚҚЖЖУ шебері Руслан Жұмаділов.
Ұжымдастары оның үнемі үйренуге деген ұмтылысын да жоғары бағалайды.
– Ол дәнекерлеуші мамандығын тез меңгеріп алды, тәжірибелі әріптестерінің кеңесіне мұқият құлақ асып, әрдайым бәрін өзі түсініп алуға тырысты. Ісіне тиянақты қарайтыны бірден байқалады, – деді ҚҚЖЖУ бастығы Ергенбай Қанатқұл.
Жөндеу бөлімшесінде дәл осындай жауапты, сабырлы, нәтижеге жұмыс істей білетін мамандар ерекше бағаланады. Олардың еңбегі сырт көзге әрдайым байқала бермейді, бірақ жабдықтың және жалпы станцияның сенімді жұмысы дәл осы еңбектен құралады.
Мерейтой Жақсылық Байдолпайұлына жылы лебіз білдіріп, адал еңбегі, жауапкершілігі мен өз ісіне деген көзқарасы үшін алғыс айтуға жақсы себеп болды.