20 жыл – 20 мың қадам: бір команда, бір қуат!
Бүгін «АлЭС» АҚ-да «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 20 жылдығына арналған «20 жыл – 20 мың қадам» челлендж-эстафетасы өтті.

Эстафета ГЭС каскадының тау шатқалдарынан бастап Ш.Чокин атындағы Қапшағай ГЭС-інің кең байтақ алаңына дейінгі аралықта «Алматы электр станциялары» АҚ барлық өндірістік департаменттерінің қызметкерлерін біріктірді.

Челленджді ГЭС каскадының қызметкері бастап берді.
– Алғашқы қадамдарды жасау толқынысты әрі мәртебелі болды. Біз бүкіл эстафетаның екпіні мен көңіл күйін айқындайтынымызды түсіндік, сондықтан әріптестерімізге дәл осы жерден, тау қойнауынан ерекше жігер мен қуат сыйлағымыз келді, – дейді ГЭС каскадының автоматика жөніндегі инженері Әлижан Арыстанбаев.
Әр қатысушының өз мамандығы, өз жұмыс орны, өз тарихы бар. Бірақ бұл күні олардың барлығын ортақ бағыт, командалық рух және туған компанияға деген мақтаныш сезімі тоғыстырды.
– Әдетте біз басқа бөлімшелердегі әріптестерімізді тек жиналыстарда көреміз немесе телефон арқылы ғана сөйлесеміз. Ал мұнда бәріміз бір бағытты бірге жүріп өттік, бұл мүлдем бөлек әсер сыйлайды, – дейді БЖК өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі аға инспекторы Ислам Наухан.

Қатысушылар таулар, су қоймалары, электр станциялары мен өндірістік нысандар аясында мақтанышпен алып өткен АлЭС туы бірліктің символына айналды. Әрбір қатысушы келесі әріптесіне тек эстафетаны ғана емес, ортақ жігердің бір бөлшегін табыстады!

– 20 мың қадам – оңай қашықтық емес. Бірақ жаныңда демеу болар әріптестерің тұрғанда, шаршағаныңды да сезбейсің, – деп атап өтті ОТҚО Локомотив шаруашылығының вагондарды қарап-тексерушісі Мәди Төлегенов.

Эстафета Ш.Чокин атындағы Қапшағай ГЭС-інде мәресіне жетті.
– Барлық өндірістік департаменттегі әріптестеріміз алып өткен туды қабылдап алу – ерекше сезім. Оған әрқайсымыздың қосқан үлесіміз бен басқан қадамымыз тоғысқандай. Эстафетаны аяқтау мәртебесі маған бұйырғанын мақтан тұтамын, – дейді Ш.Чокин атындағы Қапшағай ГЭС-інің электр станцияларының электр жабдықтарын жөндейтін электрослесарі Мәди Жазкенұлы.
20 жыл – 20 мың қадам. Өз командаңды мақтан етуге мыңдаған себеп бар!
Өйткені «АлЭС»-тің шынайы күші – күн сайын жарық пен жылу сыйлап, бір-біріне демеу болатын әрі бірге алға ұмтылатын жандарда.
«АлЭС» – бір компания, бір команда, бір отбасы!