Тазалық сақтау – ортақ іс
«Самұрықнама» бастамасы аясында «АлЭС» АҚ-да жаппай сенбілік өтті. Экологиялық акцияға компанияның барлық өндірістік бөлімшелерінің жұмыскерлері қосылды.
Таңертеңнен бастап жұмыскерлер өздеріне бекітілген аумақтарға шықты: қоқыс жинады, өндірістік алаңдар мен іргелес учаскелерді ретке келтіріп, аумақтарға жазғы маусымнан кейінгі тазалықты жүргізді. Сенбілік нәтижесінде аумақтан жиналған қоқыс пен өсімдіктің төрт көлік болатын қалдықтары шығарылды.
1-ЖЭО-дағы сенбілік әртүрлі цехтар мен қызметтердің жұмыскерлерін біріктірді. Бірнеше сағат бойы қалыпты өндірістік міндеттер таза ауадағы бірлескен жұмыспен алмасты.

– Мұндай күндер адамдарды өзінше біріктіреді. Әдетте әркім өз жұмыс орнында, өз цехында еңбек етеді. Ал мұнда бәріміз бір ортақ іске жұмыламыз. Нәтижесі де бірден көрінеді – аумақ тазара түсіп, жинақы бола бастайды, – дейді 4-разрядты аралаушы машинист Жомарт Жұмаев.
Акцияға «АлЭС» АҚ-ның басқа да департаменттері қатысты. Олардың әрқайсысы үшін өздеріне тиесілі тазалық жүргізілетін аумақтар белгіленді. Алайда барлығына ортақ көңіл күй бір еді – кәсіпорын аумағындағы тәртіп ең алдымен қызметкерлердің өз ісіне деген жауапкершілігінен басталады.
– Мұндай сенбіліктер ұжымды әрдайым жақсы біріктіреді. Бірге тазалық жұмыстарына шыққанда, өзің еңбек ететін ортаға деген жауапкершілікті басқаша сезінесің. Нәтижесі де бірден көрінеді – аумақ тазара түсіп, жинақы бола бастайды, – деген ойымен бөлісті Каскад ГЭС ӨТБ бас маманы Ярослав Яковлев.
Отын қабылдау және түсіру орталығы ұжымының да өз жұмыс шебі болды. ОҚТО қызметкерлері де аумақты тазалауға шығып, қоқыс пен өсімдік қалдықтарын жинап, жұмыс учаскелерін ретке келтірді.

– Біз үшін сенбілік – жай ғана тазалық жұмысы емес. Біз бұл жерде күн сайын еңбек етеміз, сондықтан айналамыздың таза әрі жайлы болғанын қалаймыз. Оның үстіне, бүкіл ұжым болып шыққанда жұмыс та тез атқарылады, көңіл күй де мүлде бөлек болады, – дейді станция директорының орынбасары Дамир Арбабаев.

Кейбіреулер үшін сенбілік әдеттегі жұмыс ортасынан тыс әріптестермен емен-жарқын араласудың мүмкіндігіне де айналды.
– Қарапайым ғана тазалық жұмысы сияқты көрінгенімен, мұндай кездесулер де ұжымға қажет. Бірге жұмыс істеп, әңгімелестік, әзілдестік. Бәріміз жұмыла кіріскенде, тіпті ауқымды жұмыстың өзі ауыр көрінбейді, – деп атап өтті ӘШБ меңгерушісі Наталья Иванова.
Жаппай сенбілік экологиялық мәдениетке, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және командалық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған «Самұрықнама» іс-шараларының бір бөлігіне айналды.
Энергетиктер үшін аумақтағы тәртіп – жұмыс орнындағы жинақылық сияқты өндірістік мәдениеттің бір бөлігі. Бұл жерде көп нәрсе қарапайым қадамдардан құралады: көрген қоқыстың жанынан бейжай өтпеу, өзіңнен кейін тазалық сақтау, әріптеске қолдау көрсету және айналаңдағы ортаны бірге жақсартуға атсалысу.