АлЭС-тің 19 қызметкері Еңбек күніне орай марапатталды
Артқа
30.09.2026

АлЭС-тің 19 қызметкері Еңбек күніне орай марапатталды

«АлЭС» АҚ-да Еңбек күніне орай адал еңбегі, кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы лайықты бағасын алған қызметкерлерге құрмет көрсетілді.

Бұл күні компанияның 19 қызметкері марапатталды. Олардың үшеуі Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамоталарымен марапатталса, тағы 16-сы «АлЭС» АҚ «Энергия» жергілікті кәсіподағы ҚБ-ның Алғыс хаттарын алды.

Энергетиктерді құттықтауға «Алматы қаласының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Зәуреш Өмірбаева келді. Ол өз сөзінде жұмысшыларға еңбегі үшін алғыс айтып, цифрлық кәсіподақты енгізу туралы жеке тоқталып өтті.

Оның айтуынша, жаңа формат жұмысшылардың кәсіподақ ұйымымен өзара іс-қимылын жеңілдетіп, жеделдетуге тиіс. Цифрлық құралдар арқылы туындаған мәселелер бойынша жүгіну, кері байланысты жылдамырақ алу және проблемалық жағдайларды қарауға шығару оңайырақ болады.

– Цифрлық кәсіподақ жұмысшылар үшін ыңғайлы құрал болуы керек. Біздің міндетіміз – адамға өз мәселесімен жүгінуді, кеңес алуды жеңілдету және проблемамен жалғыз қалмауына жағдай жасау. Бұл адамдарды толғандыратын мәселелерді тезірек көруге және оларды шешуге жедел кірісуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Зәуреш Өмірбаева.

Марапатталғандардың өздері үшін бұл рәсім жағымды әрі толқынысты оқиға болды. Марапат туралы айтқанда, көбісі ең алдымен әріптестері мен өз ұжымын еске алды.

– Көп жыл жұмыс істегенде, марапат туралы ойламайсың. Тек өз ісіңді жақсы істеуге тырысасың. Сондықтан еңбегіңнің еленгені ерекше қуантады. Бұл тек менің ғана марапатым емес, жанымда әрқашан бір команда болып жұмыс істейтін әріптестерім болды, – деп бөлісті 3-ЖЭО ЖАжӨО 6-разрядты слесарі Данияр Омаров.

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО көлік жүргізушісі Қайрат Рахымжанов кәсіпорын тарапынан көрсетілген назарды ерекше бағалайтынын айтты:

– Әрине, Алғыс хат алған қуантады. Бұл сенің жұмысыңның қажет екенін және оның бағаланатынын білдіреді. Мұндай сәттер одан әрі жұмыс істеуге, өз тәжірибеңді жастарға беруге құлшыныс оятады.

БЖК химиялық талдау лаборанты Оксана Троецкая өзі үшін ең бастысы – көп жылғы еңбегімен байланысты ұжым екенін атап өтті:

– Біз өміріміздің көп бөлігін жұмыста өткіземіз. Осы уақыт ішінде әріптестер шын мәнінде жақын адамдарға айналады. Әртүрлі жағдайлардан бірге өттік, бір-бірімізге көмектестік. Сондықтан бүгін ең алдымен өз ұжымыма алғыс айтқым келеді.

АлЭС-те әртүрлі мамандық иелері – жұмысшылар, инженерлер, өндірістік бөлімшелердің мамандары жұмыс істейді. Әркімнің өз учаскесі мен өз міндеті бар, бірақ ортақ нәтиже дәл осы әр қызметкердің күнделікті жұмысынан құралады.

Еңбек күніне орай марапаттау – кәсібилік, жауапкершілік және өз ісіне деген құрмет баяғыда-ақ жұмысының үйреншікті бөлігіне айналған жандарға алғыс айтудың тағы бір себебі болды.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және зор денсаулық, амандық пен жаңа кәсіби табыстар тілейміз.