Экология қарапайым нәрселерден басталады
Артқа
29.09.2026

Экология қарапайым нәрселерден басталады

Қолданылған қағазды қайда жіберу керек? Неліктен қалдықтардың әртүрлі түрлерін араластыруға болмайды? Әрқайсымыз жұмыс орнында қоршаған орта үшін не істей аламыз?

«АлЭС» АҚ-да Экологиялық мәдениет күні осы мәселелерге арналды.

Әрбір қызметкер қалдықтардың түрлері мен оларды сұрыптау ережелері туралы презентация алды. Материалды зерделеп, негізгі тұстарын күнделікті жұмыстағы мысалдар негізінде әріптестерімен талқылады.

– Мұндай мәселелерді өз учаскеңнің нақты мысалдарында талқылаған кезде, көп нәрсе басқаша қабылданады. Бұрын үйреншікті болып көрінген нәрселерге де назар аудара бастайсың, – деп бөлісті Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Елена Давыдова.

Өндірістік алаңдарда қалдықтардың әртүрлі түрлері түзіледі: металл, пайдаланылған майлар мен сүзгілер, ағаш, шыны, аккумуляторлар, электронды жабдықтар, макулатура және басқа да материалдар. Олардың әрқайсысы үшін өзіндік жинау және сақтау тәртібі қарастырылған.

Жұмыскерлер қарапайым ережелерді тағы бір мәрте еске түсірді: қалдықтардың әртүрлі санаттарын араластырмау, олар үшін арналған контейнерлер мен жинақтау орындарын пайдалану, қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде ерекше талаптарды сақтау.

Мұндай әңгімеге 29 қыркүйекте атап өтілетін Азық-түлік шығындары мен тамақ қалдықтары туралы ақпаратты таратудың халықаралық күні себеп болды. Оның мақсаты – ресурстарға ұқыпты қарау және қалдықтарды азайту қажеттігін еске салу.

– Экологиялық мәдениет қарапайым нәрседен басталады: өз жұмыс орныңдағы тәртіп, дұрыс сұрыптау, материалдарға ұқыпты қарау. Егер бұл әркімнің әдетіне айналса, нәтижесі бүкіл ұжымға көрінеді, – деп атап өтті Ш.Чокин атындағы Қапшағай ГЭС-інің инженер-экологы Райхан Мақсұтова.

Экология шынымен де жалаң сөзден емес, біздің күнделікті іс-әрекетімізден басталады.

Бұл ретте әркімнің қосар үлесі маңызды.