Таңдаған жолына адалдық
Жаңа іс бастау кейде жай ғана «байқап көрейін» деген шешімнен туындайды. БЖК Қазандық цехының 4-разрядты электр станциясы жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі слесары Латиф Хусаинұлы Сафарғалиев үшін кезінде энергетика саласы осындай шешім болған еді.
Қайта құру жылдарында ол еңбек еткен кәсіпорын жабылып қалады. Латиф Хусаинұлы бір танысынан өз мамандығы бойынша жұмыс барын естіп, жаңа салада бағын сынап көруге бел буады.
– Бұл менің саналы түрде жасаған таңдауым еді, – дейді мерейтой иесі.
Ол алғашқы жұмыс күнін әлі де ұмытпайды: ұжыммен танысу, нұсқаулықтардан өту, жаңа жұмыс орны. Уақыт өте келе тәжірибе жиналып, бойына сенімділік ұялады, ең бастысы – таңдауының дұрыс болғанын түсінеді.
– Уақыт өте келе мамандық таңдауда да, осы күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан ұйымды таңдауда да қателеспегеніме көзім жетті.
Еңбек жолының басында көмек қолын созған адамдар оның естелігінде ерекше орын алады.
– Ұстаздарым көп болды. Әрқайсысы бірдеңе үйретуге, ақыл-кеңес беріп, көмектесуге тырысты. Әсіресе, Е.В. Комендантскийді, Б.Х. Жармұхамбетовті, В.С. Кубаревті және тағы басқа көптеген азаматты ерекше атап өткім келеді.
Бүгінде Латиф Хусаинұлының өзі жас қызметкерлерге білгенін үйретіп жүр. Бұл ісіне ол ерекше жауапкершілікпен қарайды.
– Өз тәжірибемді энергетиктердің жас буынына үйрете отырып, үйлерімізде әрдайым жылу мен жарық болатынына сенімді боламын.
Бұл сөздер оның өз кәсібіне деген көзқарасының айқын көрінісі.
Қазандық цехының бастығы Бауыржан Бурамбаевтың айтуынша, Латиф Хусаинұлы өзіне бекітілген жабдықтың жай-күйін мұқият қадағалап, ақауларды уақытылы анықтайды, құрал-саймандардың түгендігі мен қажетті материалдардың болуын бақылайды. Оның жұмысында ұсақ-түйек деген болмайды: бәрі дайын, жұмысқа жарамды әрі сенімді болуы тиіс.
Әріптестері оны сенім артуға болатын, жауапты, ісіне тиянақты, сабырлы адам ретінде бағалайды. Осы жылдар ішінде ол мол кәсіби тәжірибе жинап қана қоймай, көптеген жұмыс күнін бірге өткізген достар, пікірлес жандар тапты.
Бүгінде Латиф Хусаинұлы кезінде дұрыс таңдау жасағанын сеніммен айта алады. Оның іске деген адалдығы, мол тәжірибесі және білгенін жас мамандармен бөлісуге деген дайындығы – соның жарқын дәлелі.

Мерейтой күнінде әріптестері Латиф Хусаинұлы Сафарғалиевке зор денсаулық, амандық, отбасылық жылулық, қажымас қайрат және ғұмыр жас тілейді. Жаныңыздан әрдайым жақын жандарыңыз, сенімді серіктеріңіз табылып, өткен жолыңызға мақтанышпен қарайтын сәттеріңіз көп болсын.