АлЭС-тің жасыл кеңістігі
«Самұрықнама – 20 игі іс» бастамасы аясында «АлЭС» АҚ-да Жұмыс кеңістіктерін көгалдандыру күні өтті.

Өндірістік бөлімдер мен бас кеңседегі әрбір кабинетте дерлік гүлдер бар және оларды қызметкерлердің өздері күтеді: суарады, қайта отырғызады, жаңа гүлдерді әкеледі, өскіндерін әріптестерімен бөліседі. Сондықтан жалпы Көгалдандыру күнін ұйымдастыру идеясын кеңседегілердің көбі қолдады.

Бұл күні кабинеттердегі топырақ жаңартылып, құмыралар ретке келтіріліп, гүлдер ауыстырып отырғызылды – кейбір гүлдердің ескі құмырасы тар болса, енді біреулерге жаңа топырақ қажет болды.

– Біздің кабинетте әрқашан гүлдер болатын, біз оларға үйреніп қалдық. Олармен жұмыс орны да жайлырақ көрінеді, сондықтан барлығымыз бірге оларды ауыстырып отырғызуды шештік, – деді Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас маманы Ирина Пахомова.

Біреулер үйден топырақ әкелді, біреулер ірі өсімдіктерді ауыстырып отырғызуға көмектесті, ал енді біреулер күтім жасау бойынша кеңестерімен бөлісті.
– Бір қызығы, әріптестерімнің арасында гүлді жақсы түсінетіндер көп екен. Бір-бірімізге өсімдікті қалай дұрыс ауыстырып отырғызу керектігін және қайда қойған дұрыс екенін айтып жаттық, – деп атап өтті Жоспарлау және елішілік құндылық қызметінің бас маманы Лаура Қойшыбаева.
Көптеген қызметкерлер үшін бұл әдеттегі жұмыс істерінен сәл де болса сергіп алудың жақсы мүмкіндігі болды.
– Гүлдерге өзің күтім жасағанда, оларға мүлдем басқаша қарайсың. Содан кейін әрбір жаңа шыққан жапырағын байқайтын боласың, – деп бөлісті Жұмыстар мен қызметтер басқармасының бас маманы Шырайлы Қазкенова.
АлЭС-те бұрын да кабинеттерде жасыл желек көп болатын. Ал Көгалдандыру күні өсімдіктерді ретке келтіріп, жұмыс кеңістігін бірлесе отырып жайлы етуге тамаша себеп болды.
Кейде осындай қарапайым, жұмысқа қатысы жоқ істер ұжымды кез келген үлкен іс-шарадан гөрі мықтырақ біріктіре түседі.
