АлЭС туы Сайрам шыңында
Айдос жаңа шыңды бағындырды. Бұл жолы оның сапары Түркістан облысының ең биік нүктесі – Сайрам шыңына алып келді. Төрт мың метрден астам биіктікте ол «Алматы электр станциялары» АҚ-ның туын тағы да желбіретті.
Биіктігі 4238 метр болатын Сайрам шыңы Батыс Тянь-Шаньдағы Өгем жотасында орналасқан. Бұл тек жақсы дене дайындығын ғана емес, сонымен қатар тәжірибені, төзімділікті, күшті дұрыс есептей білуді және қиын жағдайда шешім қабылдай алуды талап ететін шыңдардың бірі.
Айдос үшін тауға көтерілу әлдеқашан әуесқойлықтан артық нәрсеге айналған. Ол талай шыңды бағындырған, бірақ әрбір жаңа шың – ол жаңа бағыт, басқа ауа райы, өзгеше сынақ деген сөз. Сайрам да кезекті күрделі сынақ болды.
Мұндай биіктікке көтерілу ешқашан оңайға соқпайды. Жолда қия жолдарды, тасты беткейлерді еңсеруге, таудың құбылмалы ауа райы мен қажуды жеңуге тура келеді. Шыңға жақындаған сайын сабырлылық пен ішкі жинақылықтың маңызы арта түседі.

Бірақ шың басында мұның бәрі артта қалады. 4238 метр биіктіктегі бірнеше минут, айналаң – асқар таулар мен ұшы-қиырсыз кеңістік, ал қолыңда – туған компанияңның туы.
АлЭС ұжымы үшін мұндай суреттер игі дәстүрге айналып үлгерді. Айдоспен бірге туымыз талай шыңда желбіреді. Әрбір кадрдың артында әдемі тау көрінісінен де әлдеқайда көп нәрсе жатыр: шақырымдаған жол, сағаттарға созылған өрлеу, ауыр дене жүктемесі және мақсатқа жетуге деген зор ынта.
Жаңа шың бағындырылды. АЭК туы тағы да биікке көтерілді.
Демек, Айдосты алда жаңа бағыттар күтіп тұрғаны анық. Және жаңа белестер күтуде.