Қуаттылығы аз реттелетін қызметтердің тарифін өзгерту туралы хабарландыру
«Алматы электр станциялары» АҚ осы арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 08.09.2026 жылғы №91-ОД бұйрығымен бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолдарды беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке тариф 2026 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 362,16 теңге/вагон-км (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекітілгенін хабарлайды.
Тариф «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 22-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мынадай негіз бойынша бекітілді:
– реттеліп көрсетілетін қызметтердің ұсынылатын көлемінің ұлғаюы.