ГЭС каскады – 2050: энергетиканың болашағына көзқарас
Артқа
26.08.2026

ГЭС каскады – 2050: энергетиканың болашағына көзқарас

Ширек ғасырдан кейін ГЭС каскады қандай болмақ? Кәсіпорын қызметкерлері жасанды интеллект энергетиктердің қауіпсіз, дәлірек және тиімдірек жұмыс істеуіне көмектесетін болашақ туралы өз көзқарастарын ұсынды.

«Өндірістегі жасанды интеллект» корпоративтік челленджі аясында ГЭС каскадының командасы заманауи цифрлық технологиялардың 2050 жылға қарай су электр станцияларының жұмысын қалай өзгерте алатыны туралы бейнеролик дайындады.

Сюжеттің басты тақырыбы – интеллектуалды каскалар, жабдықтың цифрлық телқосақтары, болжамды диагностика және ГЭС каскады станцияларын басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесі. Жоба авторлары қиял-ғажайып сценарийді емес, бүгінде энергетика саласына біртіндеп еніп жатқан технологиялардың ықтимал дамуын көрсетуге тырысты.

Бейнероликтің идеясы мен сценарийін ГЭС каскадының АӨжБ бастығы Әсет Әлібеков әзірледі.

– Біз технологияларды өздігінен емес, энергетиктер үшін практикалық пайдасы тұрғысынан көрсеткіміз келді. Жасанды интеллект ақпаратты жылдам талдауға, жабдықтың күйін бақылауға және анағұрлым дәл шешімдер қабылдауға көмектесе алады. Дегенмен, негізгі рөл әрқашан маманның еншісінде қалады, – деп атап өтті Әсет Әлібеков.

Роликті жасауға сондай-ақ РҚжА электромонтері Қарлен Жұмахан, РҚжА инженері Әлижан Арыстанбаев, метрология инженері Назерке Ахметова және өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі аға инспектор Санжар Саин атсалысты. Жоба үстіндегі жұмыс қызметкерлердің кәсіби тәжірибесі мен жаңа цифрлық шешімдерге деген қызығушылығын тоғыстырды.

Қарлен Жұмаханның айтуынша, челленджге қатысу үйреншікті өндірістік процестерге басқа қырынан қарауға мүмкіндік берген:

– Біз күн сайын жабдықпен жұмыс істейміз және мамандардың қандай міндеттерді шешуге тура келетінін жақсы түсінеміз. Сондықтан болашақта қандай технологиялар жұмысымызды қауіпсіз әрі ыңғайлы ете алатынын елестету қызықты болды.

Жобаға қатысушылар командалық жұмысқа ерекше мән береді. Назерке Ахметова атап өткендей, идеяны нақты өндіріске жақындатып, түсінікті етуге дәл осы бірлескен талқылау көмектескен:

– Әрқайсымыздың болашақтағы ГЭС каскады қандай болуы мүмкін деген өз көзқарасымыз болғаны рас. Біз идеяларды талқылап, бір-бірімізді толықтырдық және технологиялардың астарында ең алдымен адам мен оның еңбегі көрініп тұратындай етіп көрсетуге тырыстық.

Жобаға қатысушылар жасанды интеллектінің дамуы мамандарды алмастыруды білдірмейтініне сенімді. Оның міндеті – адам мүмкіндіктерін кеңейту, деректерді жылдам өңдеуге жәрдемдесу, ауытқуларды уақтылы анықтау және өндірістік процестердің сенімділігін арттыру.

ГЭС каскадының командасы адам мен технологияның дәл осындай өзара әрекеттесуін болашақ энергетикасының негізі деп санайды.

ГЭС каскады – су энергиясы, технология энергиясы, болашақ энергиясы.