Тимур Оспанов: артық сөзсіз кәсібилік
Артқа
16.08.2026

Тимур Оспанов: артық сөзсіз кәсібилік

16 тамызда «АлЭС» АҚ Қауіпсіздік басқармасының бас маманы Тимур Ілияшұлы Оспанов 50 жасқа толады.

Кәсіби шеберлігін дәлелдеу үшін көп сөзді қажет етпейтін жандар болады. Олардың мықтылығы сабырлылығынан, өзіне деген сенімділігінен, шешімдерінің дәлдігінен және кез келген жағдайды бақылауда ұстай білуінен байқалады. Әріптестері Тимур Ілияшұлын дәл осындай жан ретінде біледі.

Ол Қазақстан Республикасының экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдарында 20 жыл қызмет еткен. Бұл қызмет оның кәсіби тұрғыдан шыңдалуына зор ықпал етіп, бүгінде ерекше бағаланатын қасиеттерді бойына сіңірді: заңнама мен қаржы саласын терең меңгеру, сараптамалық ойлау, әрбір бөлшекке мұқият болу және ең күрделі жағдайлардың өзін тез түсіне білу қабілеті.

Көпжылдық тәжірибе Тимур Ілияшұлын тек деректермен және құжаттармен жұмыс істеуге ғана емес, сонымен қатар басқалар байқай бермейтін жайттарды көре білуге, бөлшектерді салыстыруға, маңыздыны маңызсыздан ажыратуға үйретті. Ал адамдармен тұрақты жұмыс істеуі оған адам психологиясын жақсы түсінуге септігін тигізді. Жылдар бойы шыңдалған кәсіби байқағыштығы оған сәйкессіздікті сезінуге, әңгіме мәнінен жалтару әрекетін байқауға немесе жағдайды басқаша көрсетуге тырысқанды аңғаруға көмектеседі.

2022 жылдан бастап Тимур Ілияшұлы жинақтаған білімі мен тәжірибесін «АлЭС» АҚ-да қолданып, компанияның экономикалық мүдделерін қорғауға бағыттап келеді.

Осыған қарамастан, көпжылдық қызмет оны қатыгез адамға айналдырған жоқ. Керісінше, Тимур Ильяшевич қарым-қатынаста әрдайым сабырлы, әдепті әрі сыпайы. Тіпті жағдай қатаң ұстанымды қажет етсе де, ол артық эмоциясыз өз көзқарасын дәлелдеп, әңгімені байыппен жүргізе біледі. Дауыс көтеру, дөрекілікке бару немесе жалпы ашуға бой алдыру – оның болмысына мүлде жат.

Әріптестері оның бойындағы қатыгездіксіз ұстанымдылық, қысымсыз талапшылдық, паңдықсыз сенімділік сияқты сирек үйлесімді ерекше бағалайды.

Тимур Ильяшевичтің әзіл сезімі де керемет. Кейде шиеленісті басу, әңгімені сындарлы арнаға бұру немесе әріптестеріне жай ғана жақсы көңіл күй сыйлау үшін бір орынды сөзінің өзі жеткілікті.

Оның өмірінің ең маңызды бөлігі – отбасы. Тимур Ильяшевич жұбайымен бірге үш перзент – ұлы Рустам мен қыздары Тиана мен Амалияны тәрбиелеп отыр. Отбасы – ол үшін сенімді тірек, күш-қуат, қолдау мен жылулықтың қайнар көзі.

Оның өмірінде спорттың да алар орны ерекше. Тимур Ильяшұлы күштік фитнеспен әуестенеді және аптасына үш рет жаттығуға уақыт арнайды. Бұл ол үшін жақсы дене бітімін сақтаудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар тәртіпке, ішкі жинақылыққа және өзін-өзі дамытуға баулитын әдет. Бәлкім, сондықтан да оған кәсіби және күнделікті өмірде сабырлылық, тұрақтылық және нәтижеге ұмтылу сияқты қасиеттер жақын.

Тимур Ілияшұлы 50 жылдық мерейтойына мол өмірлік және кәсіби тәжірибе жинақтап, жан дүниесінің жайсаңдығын, адамдарға деген құрметін және кез келген жағдайда өзіне тән болмысын сақтай білген азамат ретінде жетіп отыр.

«АлЭС» АҚ басшылығы мен ұжымы Тимур Ілияшұлы Оспановты мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! Зор денсаулық, отбасы бақыты мен амандығын, жаңа кәсіби жетістіктер және ертеңгі күнге деген нық сенім тілейді. Жаныңыздан әрдайым жақын жандарыңыз бен сенімді әріптестеріңіз табылып, алда тек қуанышты сәттер мен жаңа жетістіктерге жете беруіңізді тілейміз!