АлЭС: мамандыққа жолдама
Артқа
30.08.2026

АлЭС: мамандыққа жолдама

«АлЭС» АҚ екінші жыл қатарынан болашағын энергетикамен байланыстыруды жоспарлап отырған мектеп және колледж түлектеріне білім беру гранттарын ұсынып келеді. Жоба дарынды жастарға Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «Жыл» энергетикасы» және «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламалары бойынша тегін жоғары білім алуға мүмкіндік береді.

Бұл – компания үшін болашаққа салынған ұзақмерзімді инвестиция. Бастаманың мақсаты – жоғары бейінді білімі бар жас мамандарды тарту, кадрлық резервті қалыптастыру және инженерлік кәсіптердің беделін арттыру.

Байқауға GPA көрсеткіші 3,0-ден төмен емес бейінді колледж түлектері, бейінді пәндер бойынша ҰБТ-дан кемінде 50 балл жинаған мектеп түлектері, техникалық олимпиадалар мен ғылыми-практикалық конференциялардың жеңімпаздары, сондай-ақ жекелеген әлеуметтік санаттардың өкілдері мен спорт шебері атағы бар спортшылар қатыса алады.

Конкурстық комиссия үміткерлерді академиялық жетістіктері мен ынта-жігеріне қарай бағалайды. Іріктеудің міндетті кезеңдерінің бірі – «Мен неге энергетик болғым келеді?» тақырыбында эссе немесе бейнеролик дайындау болып табылады.

Гранттық бағдарлама өзара жауапкершілік қағидатына негізделген. «АлЭС» АҚ оқу ақысын толық төлейді, студенттерге өз құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік практикадан өтуге, ал жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін алған біліктілігіне сәйкес жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, грант иегері орташа GPA балын 3,0-ден төмендетпеуге, компания іс-шараларына белсенді қатысуға және диплом алған соң «АлЭС» АҚ-да кемінде бес жыл жұмыс істеуге міндеттенеді.

Мұндай тәсілдеме болашақ энергетиктерге сапалы білім алуға, практикалық тәжірибе жинақтауға және кәсіби мансабын сенімді бастауға мүмкіндік береді.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 15 тамызға дейін қабылданады. Қатысу үшін өтініш, білімі туралы құжаттың және жеке куәліктің көшірмелерін, уәждемелік эссе немесе бейнеролик, сондай-ақ (бар болса) жеңілдіктерді растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Өтінімдер мына электрондық пошта мекенжайлары арқылы қабылданады:

77_15_03_P01@ales.kz
77_15_03_T02@ales.kz

«АлЭС» АҚ дарынды жастардың сұранысқа ие мамандық алуына, өз әлеуетін ашуына және Алматы қаласы мен Алматы өңірінің тұрғындарын күн сайын электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ететін команданың бір бөлігі болуына жағдай жасайды.