Инженерлік идея үлкен істің бір бөлігіне айналғанда
Энергетикалық жабдықтың сенімді жұмысының артында заманауи технологиялар ғана емес, сонымен қатар өндірістік процестерді одан да тиімді әрі қауіпсіз етудің жолдарын күн сайын іздейтін адамдар тұр. «АлЭС» АҚ-да қызметкерлердің бастамасы мен жабдықты терең меңгеруінің арқасында оңтайландыру ұсыныстары жасалып, олардың көпшілігі іс жүзінде қолданыс тауып жатыр.
Осындай шешімдердің бірі А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да жүзеге асырылды. Жоба бойынша Техникалық басқарманың бас маманы Ілияс Сейдіғалиев, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Электр цехының өндірістік зертханасының бастығы Александр Ким және осы цехтың жетекші инженері Кирилл Александров бірлесіп жұмыс істеді. Олардың бәрін жабдықты пайдалануды жедел персонал үшін одан да сенімді әрі ыңғайлы ету деген ортақ мақсат біріктірді.

Ілияс Сейдіғалиев атап өткендей, кез келген оңтайландыру ұсынысы өз ісіңе ыждағаттылықпен қараудан басталады.
– Біз күн сайын жабдықтың жұмысын талдап, өзімізге «Нені жақсартуға болады?» деген сұрақ қоямыз. Өндіріс сенімділігін арттыруға көмектесетін идеялар осылай туындайды. Оңтайландыру – бұл бір реттік бастама емес, шешім іздеудің үздіксіз процесі.
Жобамен жұмыс істеу – нағыз командалық өзара әрекеттің озық үлгісіне айналды. Электр цехы мамандарының өндірістік тәжірибесі, инженерлік білімі мен заманауи техникалық шешімдері қазірдің өзінде станцияда қолданылып жатқан бірегей әзірлемеде тоғысты.

Александр Кимнің айтуынша, энергетиктер жұмысындағы ең бастысы – өзгерістерге жедел әрекет етіп қана қоймай, штаттан тыс жағдайлардың туындау ықтималдығын барынша азайтатын жағдай жасау.
– Біз әрқашан алдын алуға тырысамыз. Егер инженерлік шешім жабдықты пайдалануды сенімдірек етуге мүмкіндік берсе, демек, ол станция мен қызметкерлерімізге нақты пайда әкеледі.
Жобаны жүзеге асыруда электртехникалық зертхана мамандарының да атқарған рөлі зор. Жүйені енгізу мен баптаудың техникалық жағын дәл осы мамандар қамтамасыз етті.

Кирилл Александровтың айтуынша, инженер үшін өз білімінің нақты өндірістік міндеттерді шешуге көмектесіп жатқанын көру аса маңызды.
– Идея талқылаудан бастап енгізуге дейінгі жолдан өтіп, өндірісте жұмыс істей бастағанда, атқарған ісіңнің шынымен маңызды екенін түсінесің. Мұндай жобалар жаңа шешімдер іздеуге және үнемі дамуға ынталандырады.

Бүгінде мұндай бастамалар «АлЭС» АҚ корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Мұнда кәсіби бастамашылдық бағаланады, инженерлік ой-пікірге қолдау көрсетіледі және қызметкерлердің идеяларын өндірістің дамуына ықпал ететін нақты жобаларға айналдыруға жағдай жасалады.
Дәл осындай мамандардың арқасында энергетикалық жабдықтардың сенімділігі одан әрі артып, әрбір жаңа шешім кәсіпорынның тиімді әрі қауіпсіз жұмысына жасалған тағы бір қадам болады.