Күн сайын сезілетін қамқорлық: Қапшағай ГЭС-інде жаңартылған асхана ашылды
«АлЭС» АҚ-да қызметкерлер үшін жайлы еңбек жағдайларын жасау бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Ш.Чокин атындағы Қапшағай ГЭС-інде жаңартылған асхананың ашылуы осы бағдарламаның тағы бір маңызды кезеңіне айналды. Енді станция ұжымы да компания қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың ажырамас бөлігі болып үлгерген тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Станция директоры Әлібек Тастанбеков атап өткендей, асхананың ашылуы ауқымды дайындық жұмыстарының нәтижесі болды.
– Біз қызметкерлерімізге лайықты әрі жайлы еңбек жағдайын жасауға тырысамыз. Асхананы ашу үшін ғимаратқа жөндеу жүргізіліп, заманауи технологиялық жабдық, жиһаз, ас үй құралдары мен жаңа ыдыс-аяқ сатып алынды. Біз үшін қызметкерлердің толыққанды түстеніп, тынығып, бойына қуат жинай алатын жайлы кеңістік құру маңызды болды. «АлЭС» АҚ басшылығына қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселелеріне көңіл бөліп, еңбек жағдайын барынша жайлы әрі заманауи ететін бастамаларды жүзеге асырғаны үшін алғыс айтамын. Себебі адамға қамқорлық жасау — «АлЭС» АҚ корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі, – деп атап өтті Әлібек Тастанбеков.
Жаңа асхана бірден қызметкерлер үшін тартымды орынға айналды. Мұнда оларды сан алуан ас мәзірі, жаңа дайындалған тағамдар және үйдің жылуындай жайлы атмосфера күтіп тұр. Кәсіпорын аумағында күн сайын толыққанды ыстық түскі ас ішу мүмкіндігі қызметкерлердің уақытын үнемдеп, күш-қуатын сақтауға және жұмысына толықтай зейін қоюына жағдай жасайды.
Асхананың ашылуын станция ұжымы зор қуанышпен қарсы алды. Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі 4-разрядты электр слесарі Әлішер Омаров бұл оқиғаны көпшіліктің асыға күткенін атап өтті:
– Бұл – барлық қызметкерлер үшін өте қуанышты жағдай. Тамағы дәмді, құнарлы әрі үнемі балғын, ас мәзірі де сан алуандығымен қуантады. Жайлы жағдай жасап, сапалы тамақпен қамтамасыз еткені үшін басшылыққа және асхананың барша ұжымына алғыс айтамыз. Істеріңіз алға басып, өркендей берсін!
Автокөлік учаскесінің механигі Медет Көбеев те өз әсерімен бөлісті. Оның айтуынша, асхананың ашылуы бүкіл ұжым үшін үлкен жаңалық болған.
– Кәсіпорнымызда асхана ашылды, бұл – өте қуанышты жағдай. Мұнда дәмді, құнарлы әрі үнемі балғын тағамдар дайындалады, ас мәзірі де алуан түрлі. Қызметкерлерге қамқорлық танытып, сапалы тегін тамақтандыруды ұйымдастырғаны үшін кәсіпорын басшылығы мен асхана ұжымына шын жүректен алғыс білдіремін. Бұл игі бастама алдағы уақытта да табысты жалғасатынына сенімдімін.
Энергетиктердің жұмысы жоғары жауапкершілікті, зейінділікті және айтарлықтай дене күшін талап етеді.
Сондықтан толыққанды ыстық тамақ – жай ғана жайлылық мәселесі емес, ол – денсаулықтың, жұмысқа қабілеттіліктің және өндірістік тапсырмаларды қауіпсіз орындаудың маңызды құрамдасы.

Бүгінде «АлЭС» АҚ-ның барлық дерлік өндірістік департаменттерінде қызметкерлер тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Қапшағай ГЭС-інде жаңартылған асхананың ашылуы компанияның еңбек жағдайының сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды дәйекті түрде жүзеге асырып жатқанының тағы бір айғағы болды.

Адамдарға деген қамқорлық ірі өндірістік жобалардан ғана емес, әрбір қызметкерге күнделікті көңіл бөлуден де көрінеді. Жарық әрі жайлы асхана, дәмді ыстық түскі ас және түскі үзілісті қолайлы жағдайда өткізу мүмкіндігі – осындай маңызды бөлшектерден «АлЭС» АҚ-ның үлкен ұжымының бір бөлігі екеніңді сезініп, жұмыс істеп, дамығың келетіндей орта қалыптасады.