Техникалық шарттарды алуға өтініштерді беру тәртібі
Техникалық шарттарды алуға өтініштерді беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы МҚҚК АЖ порталы: https://gov.ggk.kz арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қолжетімді:
- электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру;
- жылумен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру;
- сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру.
Маңызды! Табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы өтініштер қабылданбайды.