Кәсібіне көңілі ашық
Нәтижесі көпшілікке біліне бермейтін кәсіптер болады. Алайда дәл осы жандардың арқасында күн сайын жабдықтар іркіліссіз жұмыс істеп, тұрғындар жарық пен жылуға қол жеткізеді. «АлЭС» АҚ Батыс жылу кешенінің электр станцияларындағы жабдықтарға қызмет көрсететін слесарь Серіққали Әбдірахымұлы Мақанов – осындай мамандардың бірі.

Ол энергетика саласында – 2005 жылдан, ал «АлЭС» АҚ-дағы еңбек жолын 2007 жылдан бері жалғастырып келеді. Осы уақыт ішінде тәжірибе жинап, білімін шыңдап, өзіне деген сенімділігі артты. Бірақ ең бастысы – кәсібіне деген құрмет пен тапсырылған іске деген жауапкершілік сезімі өзгеріссіз қалды.

Серіққали Әбдірахымұлы еңбек жолының басында көп нәрсенің жаңа әрі тосын болғанын еске алады. Іске бейімделуіне уақытын аямай, тәжірибесімен бөлісіп, әрдайым қолдауға дайын тұрған аға буын әріптестері көмектескен. Дәл сол кезде ол энергетикада өзара көмек пен сенімнің қаншалықты маңызды екенін ұғынды.

Бүгінде ол мықты командасыз сенімді жұмыс істеу мүмкін емес екеніне кәміл сенеді.
– Ұжымымыз тату, кәсіпқой және жұмыс мәселелерін шешуге әрдайым дайын, – дейді Серікқали Әбдірахымұлы.

Жұмыс істеген жылдар ішінде ол өзінің қағидасын қалыптастырды: кез келген іс сапалы әрі қауіпсіз орындалуы тиіс. Сондықтан өз кәсібінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды, сенімділікті және нәтижеге жауапты болуды басты орынға қояды.
Мол тәжірибесіне қарамастан, Серіққали Әбдірахымұлы үнемі білімін жетілдіріп отырады. Ол энергетика саласына еніп, өндірістік процестерді одан әрі тиімді етуге көмектесетін заманауи цифрлық технологияларға қызығушылық танытады. Нағыз маман ешқашан оқуын тоқтатпайтынына сенімді.
Күнделікті еңбегінің адамдарға қажет екенін түсіну оған ерекше мақтаныш сезімін сыйлайды.
– Жұмысымның энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізетінін сезіну – мен үшін үлкен қуаныш, – деп атап өтті ол.
Дәл осы үлкен ортақ іске қатысы бар екенін сезіну көп жылдан бері оның басты қозғаушы күші болып келеді.

Серіққали Әбдірахымұлы энергетика еліміздің ең маңызды салаларының бірі болғанына және солай болып қала беретініне, ал энергетик кәсібінің лайықты құрметке ие екеніне сенімді. Ол жас мамандарға қиындықтардан қорықпауға, тәлімгерлердің тәжірибесін ыждаһаттылықпен үйренуге, бастамашыл болып, білімін үнемі жетілдіріп отыруға кеңес береді.
Кез келген энергетикалық кәсіпорынның тұрақты әрі сенімді жұмысының артында күн сайын, артық сөзсіз, өз ісін адал атқаратын жандар тұр. Кәсібіне деген осындай көзқарас Серіққали Әбдірахымұлы Мақановты ерекшелендіреді – ол үшін жауапкершілік, дамуға деген ұмтылыс және өз ісіне адалдық өмірінің бір бөлігіне айналды.