Кез келген жағдайға дайын болу: Алматы 1-ЖЭО-де жаттығу дабылы өтті
Артқа
01.07.2026

Кез келген жағдайға дайын болу: Алматы 1-ЖЭО-де жаттығу дабылы өтті

«АлЭС» АҚ-ның Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы өкілдерімен бірлесіп, шартты апаттық жағдай сценарийі бойынша оқу-жаттығу дабылы өткізілді. Сценарийге сәйкес, мазут төгіліп, артынан өртенді.

Оқу-жаттығудың басты міндеті – апаттық жағдай туындаған кезде қызметкерлердің жедел әрекет етуге дайындығын тексеру, станция қызметтері мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау, сондай-ақ шартты апаттың салдарын оқшаулау және жою бойынша практикалық дағдыларды бекіту.

Жаттығу аңызы бойынша, өндірістік учаскелердің бірінде шартты түрде мазут төгіліп, артынан өрт шыққан. Шартты өрт анықталғаннан кейін дабыл сигналы дереу станция ауысымының бастығына берілді, ал оқиға орнына жақын жердегі жұмыскерлер белгіленген рәсімдерді орындауға кірісті. Апат орны қоршауға алынып, апатты жоюдың қолданыстағы жоспарына сәйкес өрт сөндіру командасы қарсы алынып, қауіпті аймаққа жіберілді. Шартты өртті оқшаулау және өшіру жөніндегі іс-шаралар орындалды.

Жаттығу барысында өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, әрбір қатысушының іс-әрекетінің нақтылығына және оқу-жаттығу міндетін пысықтау кезіндегі үйлесімді жұмысқа ерекше назар аударылды.

Алматы қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының өкілдері қызметкерлердің штаттан тыс жағдайларда әрекет етуге дайындығын, әрекет ету алгоритмдерінің дұрыс орындалуын және бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін бағалады.

Оқу-жаттығу дабылының қорытындысы бойынша 1-ЖЭО қызметкерлерінің жоғары ұйымшылдығы, шешім қабылдаудағы жеделдігі және сенімді іс-қимылдары атап өтілді.

– Мұндай жаттығулар – жай ғана қағазбастылық емес, бұл өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Энергетикалық кәсіпорын жағдайында әрбір жұмыскер кез келген штаттан тыс жағдай туындағанда өз іс-әрекетін нақты білуі тиіс. Алгоритмдерді үнемі пысықтау оларды автоматизм деңгейіне жеткізуге, қызметкерлердің сенімін арттыруға және барынша жедел әрекет етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгін 1-ЖЭО ұжымы жүйелі дайындықтың нәтижесі болып табылатын жоғары білімін, тәртібін және үйлесімді жұмысын көрсетті, – деп атап өтті «АлЭС» АҚ Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің бастығы Александр Довжик.

Оқу-жаттығу дабылдары «АлЭС» АҚ-ның барлық өндірістік нысанында тұрақты түрде өткізіліп тұрады және кәсіпорынның өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің маңызды бөлігі болып саналады. Олар қызметкерлердің кәсіби дайындығын жетілдіруге, мемлекеттік қызметтермен өзара іс-қимылды нығайтуға және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға дайындықтың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.