Алматы 1-ЖЭО энергетиктердің отбасыларына есігін ашты
Артқа
24.06.2026

Алматы 1-ЖЭО энергетиктердің отбасыларына есігін ашты

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да нөлдік жарақаттану бойынша іс-шаралар жоспарын орындау аясында станция қызметкерлерінің балалары мен отбасы мүшелері үшін ашық есік күні өтті.

Іс-шара бағдарламасына станция бойынша экскурсия, қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқаулық, сондай-ақ SafeLab алаңы: қауіпсіздік зертханасының жұмысы кірді. Мұнда қатысушыларға станцияда қолданылатын қауіпсіздік және еңбекті қорғау құралдары мен жүйелері көрсетіліп, балалар үшін практикалық жаттығулар ұйымдастырылды.

Қонақтар станцияның негізгі жабдықтарымен танысты, турбиналар мен генераторларды көрді, жылу және электр энергиясын өндіру процесімен, сондай-ақ 1-ЖЭО-ның түрлі бөлімшелерінің жұмысымен танысты.

1-ЖЭО Жөндеу қызметінің инженері Ернар Дыбыстың әйелі Әйгерім Саин бағдарламаның мазмұндылығын атап өтті:

– Сапар алдында бізге қауіпсіздік техникасы бойынша егжей-тегжейлі кіріспе нұсқаулық өткізілді, бұл өндірістегі ережелерді сақтаудың маңыздылығын жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Экскурсия өте танымдық және қызықты болды. Бізге станцияның негізгі жабдықтары көрсетіліп, жылу және электр энергиясын өндіру процесі мен кәсіпорынның түрлі цехтарының жұмысы туралы айтылды. Әсіресе, жабдықтардың ауқымы мен өндіріс процестерінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны таңғалдырды. 1-ЖЭО қызметкерлеріне кәсібилігі үшін және қаланың маңызды энергетикалық нысандарының бірімен танысу мүмкіндігі үшін алғыс айтамын.

Химия цехының инженер-технологы Елизавета Гопактың ұлы, 13 жастағы Владислав Гопакта өз әсерімен бөлісті:

– Мен Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО экскурсиясында болып, үлкен әсер алдым. Біз үлкен турбиналар мен қуатты генераторларды көрдік, сондай-ақ станцияның жұмысы қаланы электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қаншалықты маңызды және күрделі екенін білдік. Осы нысанды аралауға мүмкіндік бергеніңіз үшін көп рақмет – бұл ұмытылмас және өте пайдалы экскурсия болды.

Ашық есік күні 1-ЖЭО жұмысшыларының отбасы мүшелеріне өндіріспен жақынырақ танысуға, энергетиктердің еңбек жағдайларымен танысуға және кәсіпорындағы қауіпсіздік мәселелері туралы көбірек білуге мүмкіндік берді.