Айна СЫДЫҚБАЕВА: энергетика – бүкіл ғұмыр ісі
Саналы таңдау, ондаған жылдық еңбек, мамандыққа деген құрмет пен терең жауапкершілік сезімі – Айна Байбосыновна Сыдықбаеваның еңбек жолының негізі. Ол – А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО 5-разрядты электр станцияны басқарудың бас қалқанының электр монтері. Ол үшін энергетика жай ғана жұмыс емес, тағдыр, өмірінің бір бөлігі, әрі екінші отбасы.

Айна Байбосынқызы энергетика саласына саналы түрде келді. 1985 жылы мектепті бітіргеннен кейін ол энергетика-құрылыс техникумына «Электр станциялары, желілері және жүйелері» факультетіне оқуға түсті. Ол кезде бұл мамандық байыпты әрі сенімді болып көрінген. Уақыт өте келе бұл шынымен де тағдыр таңдауы екеніне көз жеткізді.
Алғашқы жұмыс күні егжей-тегжейіне дейін оның әлі де болса есінде. Жолдамамен станцияға жас маман ретінде, қолында дипломы, жүрегінде толқу сезімімен келген еді. Жабдықтардың гуілі, басқару қалқандары, қатаң өндірістік тәртіп – осының барлығы оған ауқымды болып көрінді. Алайда ең бастысы – жауапкершілік сезімі болды. Дәл сол кезде ол энергетика тек мамандық бойынша істелінентін жұмыс емес екендігін алғаш рет терең түсінді. Себебі әрбір істелінген әрекет жабдықтың сенімділігі мен адамдардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Бастапқыда қобалжу болды, бірақ сонымен қатар ерекше мақтаныш сезімі де қатар жүрді.

Мамандыққа деген бастапқы күтілімдер шындықпен сәйкес келді, алайда шынайы жұмыс әлдеқайда терең әрі күрделі болып шықты. Энергетика саласы үздіксіз назарды, қатаң тәртіпті және ішкі жинақылықты талап етеді. Жауапкершілік бірден қалыптаспайды – ол тәжірибемен бірге келеді және қабылданған әр шешімнің өзге адамдардың қауіпсіздігіне әсер ететінін түсінумен нығая түседі.
Кәсіби жолдағы бетбұрыс кезең 2005 жылы 2-ЖЭО-ға ауысумен, ал 2009 жылы электр цехының электр станцияны басқарудың бас қалқанының электр монтері болып ауысумен байланысты болды. Бұл жаңа деңгейге көтеріліп, елеулі кәсіби өсімге жол ашқан маңызды кезең еді.

Айна Байбосынованың кәсіби қалыптасуында тәлімгерлердің рөлі өте зор болды. Ол БӨАжА-ға ДЭС-тың кіші маманы ретінде келгенде, оның тәлімгері Талғат Жұмаділов болды. Ол процесс логикасын түсінуді, жабдыққа мұқият қарауды және істі жауапкершілікпен қабылдауды үйретті. Содан кейін электр цехында тәлімгері Бағдат Молдабаев болды. Онымен бірге схемалар, жабдық режимдері және әртүрлі жағдайларда әрекет ету тәртібі егжей-тегжейлі қарастырылды. Олардың қауіпсіздікті сақтау туралы басты кеңесін ол әлі күнге дейін жақсы есінде сақтап қалған.
Ұжыммен жұмыс істеуде ол өзара сыйластық, қолдау және адалдық маңызды деп санайды. Қиын кезеңдерде әріптестерін әрқашан тыңдап, кеңес беруге тырысады. Кейде адамға тек қана жалғыз емес екенін сезіну маңызды болады. Ол өз командасын – сенімді, бірлікте жұмыс істей білетін, кез келген жағдайда кәсіби жауапкершілігі жоғары екенін мақтан тұтады.

Жауапкершілік әсіресе апаттық жағдайларда және үлкен жүктемелер кезінде қатты сезіледі. Дәл сол сәтте сенімділік, мұқияттылық, тәртіптілік және алдын ала болжам жасау қабілеті тексеріледі. Жас мамандарға ол сенімділікті былай түсіндіреді: бұл қиын сәтте де сені қолдай алатын адамға сену деген сөз.
Энергетика дамып, жаңа технологиялар енгізілуде. Әрдайым сергек болу үшін үздіксіз білім және жұмысқа деген қызығушылық қажет. Бүгінде жаңа технологияларды және қауіпсіздік мәдениетін меңгеру маңызды. Болашақ – жаңғыртуда, бірақ адам басты рөлде қалады, себебі дәл сол адам шешім қабылдайтыны сөзсіз.

«АлЭС» Айна Байбосынова үшін – бұл тұрақтылық, жауапкершілік және қаланың өміріне қосқан үлес. Бірақ бұл – екінші отбасы да. Әсіресе ұжымның бірлескен мақсатқа жұмылған сәттері, яғни жабдықтарды күрделі іске қосуы, ақауларды жоюы, бір-біріне қолдау көрсетуі мен көмектесуі ерекше есте қалады. Уақыт өте келе осындай жұмыс күндері ең құнды сәттерге айналады.
Ол өзінің кәсіби тәжірибесімен, өткерген жолымен және жұмысты ана болумен үйлестіре алғанына мақтан етеді. Ол қызы мен ұлын тәрбиелеп, оларға білім берді, ал бүгінгі таңда бес немеренің әжесі. Оның өміріндегі басты тірегі – оның отбасы. Жақындарының қолдауы ішкі тұрақтылықты сақтауға көмектеседі.

Оның өмірлік қағидаттары – адалдық, жауапкершілік және өз ісіне деген құрмет. Жауапкершілік ол үшін – әр шешімнің салдарын ойлау және өз әрекеттеріңнің адамдардың қауіпсіздігі мен бүкіл ұжымның нәтижесіне әсер ететінін түсіну.
Өз әріптестеріне Айна Байбосынқызы жай ғана: өзіңізге қамқорлық жасап, бір-біріңізге қолдау көрсетіңіз дейді. Энергетикада білім мен техника ғана емес, сонымен қатар сенім, командалық рух және адамдарға көңіл бөлу де маңызды.