ЖЭО МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІЛДІ

Таяуда «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) мен Еуразия Даму банкі (ЕАДБ) арасында Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру жобасын бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қойылды. ЕАДБ Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру жөніндегі жобаны іске асыру мақсатымен АлЭС (Sustainability-Linked Bond/SLB – экологиялық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін борыштық бағалы қағаздар) шығаратын орнықты даму облигацияларын (ESD) сатып алуды жоспарлап отыр.

Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ

Келісімге қол қоюға байланысты салтанатты іс-шара Астанада Astana International Exchange (AIX) алаңында өтті. Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру жобасын қарыздық қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатымен «Астана» ХҚО-ның биржасында жалпы номиналды көлемі 236,8 млрд теңгеге дейінгі тұрақты дамуға байланысты. АлЭС-тың алғашқы облигациялық бағдарламасы тіркелді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Алмасби Камаловтың айтуынша, жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру үшін көп жұмыс жүргізілді, оның ішінде халықаралық стандарттар бойынша қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалау және әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, қолданылатын технологияларды бағалау. «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ Алматы агломерациясын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Алматы ЖЭО-3-ті жаңғыртудан басқа, Алматы энергия торабында өңірдің энергетикалық әлеуетін күшейтіп, маневрлік қуат тапшылығын азайтып қана қоймай, қаланың экологиясын жақсартатын бірқатар маңызды жоба іске асырылып жатыр», деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ өкілі.

«Еуразия Даму банкі Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру сияқты мега жобаларды іске асыруға бағыт ұстап отыр. Осы тұрғыда біз бірнеше маңызды аспектіні бөліп көрсетеміз. Біріншіден, өз ресурсын сарқып тауысқан тозығы жеткен көмір энергетикалық қазандықтардың орнына табиғи газбен жанатын заманауи, экологиялық таза бу-газ қондырғыларын орнату еліміздің аса ірі қаласындағы экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартады. Бұл банк ұстанатын орнықты даму қағидаттарына толық сәйкес келеді. Екіншіден, Орталық Азиядағы су-энергетикалық кешенді дамыту жөніндегі біздің ірі инвестициялық жобамызды іске асыру барысында Еуразия Даму банкі елдерге энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізуге белсенді жәрдемдесіп, қаржыландырып, жобалау алдындағы жұмыстарға гранттар бөледі. Сонымен, біз капитал тартудың жаңа тетіктерін әзірлеуге белсенді түрде атсалысамыз және Sustainability-Linked Bond орнықты даму облигацияларын шығаруға қуана қатысамыз», деп атап өтті ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Дәленов.

АлЭС орнықты даму облигацияларының дебюттік шығарылымы қажетті консультациялық сүйемелдеу шараларын атқарған АХҚО Жасыл қаржы орталығының қолдауымен іске асырылды, ол облигациялардың орнықты даму облигациялары қағидаттарына (Second Party Opinion) сәйкестігі туралы тәуелсіз қорытынды берді.

АХҚО Жасыл қаржы орталығы Директорлар кеңесінің төрағасы Данияр Келбетов: «АХҚО экологиялық орнықты жобаларға инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін инновациялық қаржы құралдарын енгізуге бейілді. Осындай жаңа қаржылық өнімдердің бірі – орнықты дамуға байланысты облигациялар (Sustainability-linked bonds). Біз бүгін Қазақстанның Орталық Азияда көміртегі ізін төмендету жөніндегі жаһандық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін осы облигациялар нарығын бірінші болып іске қосқанына қуаныштымыз».

ЕАДБ-дан бөлек, басқа даму институттары мен екінші деңгейлі банктер жобаның әлеуетті инвесторлары бола алады. Облигациялық бағдарламаны шығару және орналастыру бойынша қаржылық кеңесші және андеррайтер – «Sky Bridge Invest» АҚ.

АХҚО ақпаратына сәйкес АлЭС SLB облигациялары  Орталық Азиядағы орнықты даму облигацияларының ең ірі шығарылымы болады.

«Кейінгі жылдары бүкіл әлемдегі инвесторлар инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде ESG өлшемшарттарының маңыздылығын көбірек түсінуде. Нәтижесінде, көптеген компания ESG-ді өз қызметіне және бизнес стратегияларына енгізе бастады. AIX қолжетімді өнімдер желісі арқылы орнықты дамуға инвестиция салуға мүмкіндік бере отырып, осы трендке сай бола алғанына қуанышты», деп атап өтті AIX басқарма төрағасы Әсел Мұқажанова.

«Қуаты 500 МВт бу-газ қондырғысы базасында Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру» инвестициялық жобасын «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің еншілес ұйымы АлЭС арқылы іске асыруда. Жоба электр стансасының қуаты мен маневрлік мүмкіндіктерін арттыра отырып, оны түбегейлі жаңартуды көздейді. Жаңа ЖЭО электр және жылу энергиясын аралас өндіретін болады. Жобаның негізгі аспектілерінің бірі – стансада ескірген және тозған шаң-көмір жабдықтарының орнына табиғи газбен жұмыс істейтін заманауи экологиялық таза бу-газ энергия блоктарын орнату.

Учения «қыс-2023»: отработка аварийных ситуаций на западном тепловом комплексе

24 ноября 2023 года на территории Западного теплового комплекса прошла отработка практических действий республиканского командно-штабного учения «Қыс-2023». В ходе учений проведена подготовка органов управления, сил и средств к реагированию на чрезвычайные ситуации зимнего периода. По замыслу учений произошли авария на газопроводе и неконтролируемый взрыв в топке котла на ЗТК, являющемся объектом жизнеобеспечения города.
– После начала учений работники аварийно-технической команды ЗТК провели восстановительные работы и устранили последствия аварии порыва газопровода и повреждения котельного оборудования. Дежурная служба сообщила о возникших аварийных ситуациях городскому и территориальному органам по чрезвычайным ситуациям, полиции, скорой медицинской помощи и другим экстренным службам. Для обеспечения бесперебойной подачи услуг населению подключен резервный котел, – пояснил Александр Довжик, начальник службы ГО и ЧС АО «АлЭС».В процессе восстановительных работ на ЗТК были задействованы силы и средства, состоящие из аварийно-восстановительных команд и объектовых формирований гражданской защиты в составе 17 человек и 3 единиц техники.

В это же время противопожарная служба, центр медицины и катастроф, а также республиканский оперативно-спасательный отряд подразделений ДЧС приступили к локализации пожара и спасательным работам. Была проведена ликвидация возгорания в котельном цехе, а также осуществлена эвакуация машиниста-обходчика с площадки обслуживания конвективных пакетов.

– Из котельного цеха эвакуировали пострадавшего слесаря и передали скорой помощи. Пожарная служба успешно локализовала возгорание. Для спасения работника, оставшегося на втором ярусе ремонтных площадок и получившего ранение, пожарные воспользовались аварийной люлькой, управляемой на подъемнике со спецтранспорта, – рассказал Алмас Ниязбеков, начальник штаба ГО и ЧС ЗТК.

Другие группы спасателей с помощью метода тросовки с использованием альпинистского снаряжения эвакуировали манекен с крыши здания, а с нижних колец дымовой трубы высотой 96 метров работника, занимавшегося ремонтом освещения. Пострадавшим была незамедлительно оказана доврачебная помощь, и они были переданы в кареты скорой помощи.

Представители ДЧС сообщили, что целью учений была отработка взаимодействия 17 служб гражданской защиты. Важно отметить, что все задействованные службы и формирования г. Алматы продемонстрировали готовность к ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций зимнего периода 2023-2024 гг.