Қазақстанда қазандар құрастыруды орналастыру жөніндегі меморандум
2024 жылғы тамыз айының соңында «Алматы электр станциялары» АҚ алаңында «Подольск машина жасау зауыты» АҚ мен құрамына «KBI Energy Group» ЖШС және «Энерго Спец Строй» ЖШС (ЕРС мердігер) кіретін Консорциум басшыларының кездесуі өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл келісім «Алматы 3-ЖЭО-сын қайта құру» жобасын іске асыру шеңберінде кәдеге асыру қазандары жабдықтарының жасап шығарылатын негізгі құрамбөліктерін құрастыру өндірісінің 50%-ға дейінгісін Қазақстан Республикасында орналастыруды көздейді.