Қоршаған ортаға ықпал ететін негізгі «ластаушылар» 3

       «Адам. Қоғам. Табиғат» айдарында біз қоршаған ортаға зиян тигізетін негізгі «ластаушылар» парникті газдармен таныстыруымызды жалғастырамыз. Осы басылымда біз ауаны негізгі ластаушылардың тағы бір тобы – азот, күкірт, көмірсу тотықтарымен, қатты бөлшектер туралы баяндаймыз.

       Атмосфера – ауа мен мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ортаны сақтайтын, ғаламшарды қоршап тұратын күмбез. Ол адамзаттың және жалпы тірі табиғаттың тыныс алуына мүмкіндік береді. Атмосфера бірнеше қабаттан тұрады, және оның құрамы алуан түрлі. Нақты айтсақ, құрамында азот мөлшері басым (78%), екінші орында оттегі (шамамен 20%). Аргон мөлшері 1% -дан аспайды, ал көмірқышқыл газының СО2 үлесі тіптен де аз–0,2-0,3% кем. Осындай құрылым сақталуы және тұрақты болуы керек. Егер де элементтердің арақатынасы өзгеретін болса, онда ғаламшардың қорғаныс қабаты өзінің негізгі функцияларын орындай алмайды.

Азот, күкірт, көмірсу тотықтарымен, қатты бөлшектер сияқты зиянды шығарындылар іс жүзінде қоршаған ортаға күн сайын және тұрақты түрде түседі, ол өркениеттің қарқынды дамуымен байланысты, әрбір адам автомобиль міну, үйін жылытуға мүдделі. Атмосфераға шығарылатын зиянды заттектердің бірнеше жіктемесі бар. Олар ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған деп екіге бөлінеді. Соңғылары ауаға ұйымдаспаған, яғни регламенттелмеген көздер, оларға қалдықтар мен қауіпті шикізат қоймалары, фуралар мен тауар пойыздарына тиеу/түсіру орындары, эстакадалар жатады.

Ал ұйымдастырылған категорияда шығарындылардың тұрақты көздері жатады. Олар конструктивтік ерекшеліктері бойынша келесілерге бөлінеді:

  • төменгілер (шығарындылар шығаратын ғимараттардың жанында желдету ауасымен төмен деңгейде шығарылатын газдар мен уытты қосылыстар жатады);
  • жоғарылар (ауа қабатына бірден өтетін шығарындыларды шығаратын құбырлар жатады);
  • орташа және аралықтар (құрылыстардың аэродинамикалық деп аталатын көлеңкелерінен 15-20% артық болмайтын аралық ластағыштар жатады.

       Құрамдастардың ену қабілеттері мен ауада таралуын анықтайтын бөлшектер мөлшері жіктеменің негізі болады. Бұл көрсеткіш аэрозоль немесе шаң формасындағы ластаушыларды бағалау үшін қолданылады. Аэрозольді форманың дисперстігіне қарай ал бес топқа, ал эрозоль сұйықтықтарды төрт категорияға жіктейді. Құрамдастар мөлшері шағын болған сайын ауада соғұрлым тез таралады