Соңғы жылдары Қапшағай ГЭС-те станция жабдықтарын қайта құру, жаңарту және заманауи технологияларды енгізу бойынша жұмыстар кезеңімен жүргізіліп жатыр.
- Ең ауқымды жобалардың бірі ОРУ-220 кВ жабдығын моральдық және табиғи тозығы жеткен әуе ажыратқыштарын элегаздыларға ауыстыра отырып қайта құру болып келеді. Негізгі жабдық сатып алынғалы 2016 ж. бастап осы күнге дейін істен шығарылған жабдықты жаңа заманның коммутациялық жабдығына ауыстыру бойынша жобалар жүзеге асырылып жатыр, - деп Қапшағай ГЭС бас инженері Максим Мамырин өз ойымен бөлісті.
Мамандандырылған мердігерлік ұйым станцияның өндірістік цехының инженерлік құрамының тікелей ұйымдық-техникалық қолдауымен, Бас инженер Максим Мамыриннің және Өндірістік-техникалық бөлім бастығы Антон Макурочкиннің басшылығымен барлық 6 әуе ажыратқыштарының ұяшықтары, 4 кернеу трансформаторлары қайта құрылды, 220 кВ 4 әуе электр беру желілерінің 2-уінің жоғары жиілікті (әрі қарай мәтін бойынша - ЖЖ) байланыс жабдығы, сондай-ақ 24 бөлгіштердің 18-і ауыстырылды.
Шілде айының 10-нан 25-не дейін Л-2033 әуе желісінің желілік бөлгішін және ЖЖ байланыс жабдығын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы құрылыстық іс-шаралар, соның ішінде тірек құрылыстық құрылмаларды ауыстыру жөніндегі жұмыстар Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану жөніндегі цех бастығы Анатолий Харитоновтың тікелей басшылығымен жасалуда.
Электр машина цехының бастығы Сергей Даниленконың және электр техникалық зертхана бастығы Андрей Ивановтың басшылығымен ОРУ-220 кВ электр жабдықтарына қайта құру, екінші рет тізбектерді (екінші рет жалғауды) монтаждау, жалғастыру жұмыстары жүргізілуде.
Жүзеге асырылған іс-шаралар ОРУ-220 кВ жабдығын жөндеуге кететін шығындарды, әуе ажыратқыштарын ауыстыратын бактардағы сығылған ауа қысымын ұстап тұру үшін компрессорлық қондырғы пайдаланатын электр энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтауға қатысты сенімділігімізді арттырады.