«АлЭС» АҚ: даму перспективалары

«Алматы электр станциялары» АҚ Қазақстан Республикасының аса ірі мегаполистерінің бірі Алматы қаласында жылу және электр энергиясын өндіруші ұйым болып табылады.

Жылу және электр энергиясы нарығында көшбасшылық позициясын нығайту үшін Алматы қаласы және Алматы өңірі тұрғындары, кәсіпорындары мен ұйымдарына сапалы қызмет ұсыну компанияның негізгі миссиясы болып табылады.

«АлЭС» АҚ Табиғи монополия субъектілерінің (жылу энергиясын өндіру жөніндегі табиғи монополия субъектісі болып келеді) Мемлекеттік тіркелімінің Республикалық бөліміне кіргізілген және Алматы өңірі мен Алматы қаласына электр энергиясын жеткізу бойынша үстем жағдайға ие.

«АлЭС» АҚ «ҚМГ-Энерго» АҚ 2006 жылғы 26 мамырдағы шешімі негізінде құрылды және 2006 жылғы 1 маусымда тіркелді.

Жақын болашақта Алматы және Алматы облыстарында үздіксіз және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін инвестициялар қолданыстағы активтерді қайта жаңарту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыруға бағытталатын болады.

«АлЭС» АҚ энергокөздерінің негізгі және қосалқы жабдықтарының қуат көздерінің техникалық жай-күйiне сай жақын келешекте қолданыстағы моральді және физикалық тозған, нормативтік қызмет мерзімі аяқталған жабдықтарды ауыстыра отырып, станциялардың Алматы қ. экологиялық ахуалына әсерін төмендететін және жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруға едәуір ықпал ететін келесі жобаларды орындау қарастырылған: «Газ турбиналық технологиясына негізделген жаңа қуат көзін орнатумен 1-ЖЭО кеңейту», «3-ЖЭО қайта құру» және «2-ЖЭО- - БЖК жылу магистралін қайта құру».

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, «АлЭС» АҚ қоршаған ортаға әсерді барынша азайту мақсатында 2- ЖЭО- ні табиғи газ жағуға ауыстыру мәселесін қарастыруда.

2019-2023 жылдарға арналған «АлЭС» АҚ даму жоспарында ағымдағы өндірісті қолдау мақсатында 2- ЖЭО және 3- ЖЭО күл – қож жоюдың аралас жүйесін қайта құру және кеңейтуге бағытталған жұмыстар қарастырылған.

Жоғарыда аталған шараларды іске асыру:

- өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасайды;
-      электр және жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.