Үздік бастауыш партия ұйымы

2018-08-22 063418

2018 жылы партиялық құрылым жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы дәстүрлі түрде «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауын өткізеді.

    «АлЭС» АҚ бастауыш партия ұйымы осы аталған «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауына үшінші санаттағы - 500 – ден жоғары партия мүшесі бар партия ұйымы ретінде екінші жыл қатысуда.

2018 жылы 31 шілдеде «АлЭС» АҚ бастауыш партия ұйымы «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының партия ұйымдары арасында 1-ші орынға ие болды. 2018 жылдың тамыз айының соңында байқаудың екінші кезеңі қалалық филиал деңгейінде өтеді.

«Мұндай жарыстар партия жұмысының озық тәжірибесін таратуға, бастауыш партия ұйымдарының әлеуетін арттыруға көмектеседі», - деді «АлЭС» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов.
Бүгінде «АлЭС» АҚ партия жобаларын іске асыруға белсенді қатысатын 922 адам «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылады.