АлЭС: чемпионат медальдары

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, 2018 жылдың 14 желтоқсанында Алматы облысының энергетикалық компаниялары қызметкерлері арасында бильярд спорты бойынша чемпионат өткізілді. Жалпы командалық жарыста «АлЭС» АҚ бірінші орынды иеленді. Жеке жарыста Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор Нұржан Исабаев ең үздік ойыншы танылып, бірінші орынды жеңіп алған спортшы болды. Екінші орынды 1-ЖЭО электр техникалық зертханасы релелік қорғаныс және автоматика аппаратурасын жөндеу жөніндегі электрмонтер Дәулет Қарамолдаев иеленді.

- Біз жақсы нәтижеге қуанудамыз. Келесі чемпионатқа дейін жеңісті сақтап қалу үшін жаттығуды бәсеңдетпейміз, - деп түсіндірді Дәулет Қарамолдаев. «АлЭС» АҚ командасын жеңіспен құттықтаймыз! Ұйымдастырушыларға және турнирге қатысушылардың барлығына үлкен рахмет!