АлЭС: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс

2018 жылдың 29 - 30 қарашасында «Алматы электр стансалары» АҚ барлық департаменттерінде (1 – ЖЭО, 2- ЖЭО, 3- ЖЭО, Батыс жылу кешені, Каскад ГЭС және Қапшағай ГЭС, «Энергожөндеу» өндірістік – жөндеу кәсіпорны, Отын қабылдау және түсіру орталығы) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай еңбек ұжымдарында жиналыстар өтті.

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні ұлттық дәрежедегі мемлекеттік мереке. Көздеген мақсаттарға жету, жоспарлар мен міндеттерді жүзеге асыру - Елбасының көрегенді көшбасшылығының нәтижесі, - деп атап көрсетті, - «АлЭС» АҚ Кәсіподақ филиалының төрағасы Валерий Ситдиков.

Салтанатты жиында компаниямыздың 6 қызметкеріне - «Нұр Отан» партиясының мүшелеріне партия билеттері тапсырылды.

Өндірістік департаменттердің басқарушы директорлары еңбек ұжымдарын келе жатқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен құттықтады және қызметкерлерге Қазақстан игілігі үшін жаңа жетістіктер, апатсыз жұмыс тіледі.