Бу турбиналарын жедел сынақтан өткізу туралы

2017-09-07 084002

2017-09-07 084014

2017-09-07 084024

Қызметкерлерді дайындау бөлімінде турбина цехінің негізгі және қосалқы жабдықтарын баптау және жедел сынақтан өткізу жұмыстарына қатысатын қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған «Бу турбиналарын жедел сынақтан өткізу» жаңа бағдарламасы әзірленді.

2017-09-07 084041

2017 жылдың 21 тамызы мен 25 тамызы аралығында «Бу турбиналарын жедел сынақтан өткізу» бағдарламасы бойынша қызметкерлерді дайындау бөлімінде теориялық оқыту өткізілді. 29 тамызда курс тыңдаушылары қатысқан жедел сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілді. «Турбиналарды жөндеуге дейін және жөндеуден кейін дұрыс сынақтан өткізу қабілеттілігі - өткізілген жөндеу жұмыстарының сапасын бағалауға және жабдықты болашақта дұрыс пайдалануға мүмкіншілік беретін өте қажетті білім. Мен үшін аталған курс өте танымды боды, өйткені мен бұрын осындай сынақтан өткізу жұмыстарына қатысып көрмегем», - деп бөлісті 3-ЖЭО турбина цехі бастығының орынбасары Аринов Саламат.Теориялық сабақтарды және тәжірибелік сынақтарды энергетикалық жабдықтар жөніндегі маман Орлов Александр Михайлович жүргізді. Оқудың нәтижелері бойынша сертификаттар берілді.

2017-09-07 084049