Алматы қаласының жалпықалалық сенбілігіне «АлЭС» АҚ-ның 250 ден астам қызметкері қатысты

2017 жылдың 15 сәуірінде оңтүстік астанамызды көркейту мақсатында «АлЭС» АҚ қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Маңайдағы аумақтың және орман алқабының автожол бойындағы 28 километр қашықтығына дейінгі жері тазаланды, қыс бойы жиналған қоқыстар мен құрғақ ағаштардың 250-300 тоннасы жиналып, шығарылды.

Алматы қаласының қыстан кейінгі ауқымды сенбілігі қала әкімі Бауыржан Байбектің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды. Сенбілікке қатысушыларға 250 бірлікте құрал-саймандар берілді. Қоқыстарды жинап, оны шығару үшін 17 КАМАЗ және 1 жүк тиегіш машинасы жұмылдырылды. Қызметкерлерді тазалау жұмыстарын жүргізетін орынға апару және кері жеткізу үшін 2 жолаушылар автобусы пайдаланылды,-деп хабарлады «АлЭС» АҚ Атқарушы директоры М.Н. Өксікбаев.