«Алматы электр станциялары» АҚ тамаша Наурыз мейрамын атап өтті

«Энергетик» шипажайында компания қызметкерлері мен олардың балалары Көктемгі жаңару мерекесін атап өтті. Әдемі ауа-райы, ұмытылмас «Шаттықты Шаңырақ» командалық-ойын бағдарламасы, үрлемелі ойын-сауық паркі, концерт, Наурыз көже мен тәттілер - осының бәрі Күн мен түннің теңелу күнін мерекелеудің негізгі бөлігіне айналды. Мерекеде бәрі бір-біріне мол бақыт, махаббат және сәттілік тіледі!