АлЭС: I корпоративтік спорт чемпионаты

2022 жылдың 14 мамырында "АлЭС" АҚ-да алғашқы І корпоративтік чемпионат басталды. Ол шағын футбол, волейбол, стритбол (баскетбол), үстел теннисі, шахмат, армрестлингтен өтеді. Іс-шаралар күнтізбесі 2022 жылдың 26 қазанына дейін жоспарланған.

І корпоративтік чемпионатты "АлЭС"кәсіподағының төрағасы Серік Тымбасбаев ашты. Ол "АлЭС" АҚ-да салауатты өмір салтына және спорттық-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруға көп көңіл бөлінетінін атап өтті. Жарысты өткізу үшін арнайы "Абылай Хан" кәсіби спорт клубы жалға алынды.

Бірінші чемпионат баскетбол жарысынан басталды.

– Біз спорттық чемпионатқа қуана қатысамыз. Бұл бізге табандылық, жеңіске деген ерік – жігер көрсетуге, кәсіби салада да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін қасиеттер. Мұнда тек өндіріс адамдары ғана емес, сонымен қатар әуесқой спортшылар да бірігеді. Чемпионат өткізу – бұл АлЭС-тің корпоративтік бірлігі мен бірыңғай командалық рухын нығайтуға жасалған кезекті қадам, – деп атап өтті А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, стритбол командасының капитаны Антон Арзюков.

Шағын футбол, стритбол және волейболдан үлкен алшақтықпен А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО командасы көшбасшы болды.

– Чемпионатты өткізу кезінде біз басқа өндірістік департаменттердегі әріптестерімізбен кездесеміз, танысамыз, бәріміз үшін ортақ мәселелерді талқылаймыз. Мұндай қарым-қатынас баға жетпес, – деп жалғастырды Азамат Чакаров, Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы, Бас кеңсенің волейбол командасының капитаны.

Чемпионатты ұйымдастырушылар компанияның ең жарқын және маңызды корпоративтік дәстүрлерінің бірі болады деп үміттенеді.