АлЭС жұмыскерлері Алматы қаласы әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталды

2021 жылдың 10 маусымында Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың қолы қойылған 2020-2021 жж. жылыту маусымының сәтті өткені үшін алғыс хаттар табыс етілді:

1. «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Нұрлан Мұхамед-Рахимовке;

2. Өндіріс жөніндегі басқарушы директор-Бас инженер Ғазий Исмұхамбетовке;

3. «Энергожөндеу» ӨЖК 2-ЭЖЖЦ қосалқы қазандық жабдықтарын жөндеу учаскесінің аға шебері Жетпісбай Бердіғалиевке;

4. А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО қазандық цехының өндірістік учаскесінің шебері Нұрлыбек Аманбаевқа.

- Жалпы жылыту маусымы сәтті өтті, - деп атап өтті Ғазий Исмұхамбетов. – «АлЭС» АҚ осы кезеңде 3,3 млрд кВ*сағ электр энергиясын және 5 млн Гкал жылу энергиясын өндірді. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан (КҚК кезінде компанияда COVID-19 53 қызметкер ауырып қалды) өткен жылыту маусымында электр энергиясын беруде іркілістер болған жоқ. Жұмыста 20-ға жуық қазандық агрегаттары мен 13 бу турбиналары болды.

- Біздің еңбегіміз өте жауапты екені мені ерекше қуантады. Біз қала тұрғындарының әр шаңырағына жарық пен жылуды қамтамасыз етеміз. Бұл үлкен және күрделі жұмыс. Бұл алғыс біздің ұжымға ортақ деп есептеймін, - деді Жетпісбай Бердіғалиев.