3-ЖЭО қызметкерлерін вакцинациялау

Алғашқы болып 3-ЖЭО жұмыскерлері вакцина қабылдауды  бастады. 2021 жылғы 14-15 сәуірде кәсіпорында станция қызметкерлеріне арналған мобильді егу пункті ашылды. Процедураны бастамас бұрын, коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келетіндер денсаулық жағдайы туралы сауалнамалар толтырып, дәрігерден қажетті ұсыныстар алып, медициналық тексеруден өтті. Алғашқы егуді 3-ЖЭО Басқарушы директоры Фазоил Салимов жасады.

 

- Қызметкерлерге егу процесін жеңілдету және ыңғайлы болу үшін вакцинация процесі тікелей департамент аумағында ұйымдастырылды,-деді Галина Горбовская, 3-ЖЭО кадрлар бөлімінің бастығы. – Мен вакцина алдым, вакцинация өзін-өзі оқшаулау мен карантинге жалғыз балама деп санаймын. Еліміздің әрбір азаматы денсаулық пен қауіпсіздік пайдасына саналы таңдау жасауы тиіс.

 

Станцияда вакцинация туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі. Станция қызметкерлері барлық сақтық шараларын, соның ішінде маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтайды, өзінің жағдайын, тәбетін, еңбек және демалыс режимін қадағалайды. 3-ЖЭО Басқарушы директоры Фазоил Салимов өзімізді қорғай отырып, жақындарымызды да қорғайтынымызды үнемі айтып отырады.