Энергетика маманы – тәртіппен үлкен жауапкершілікті талап етеді

Исмухамбетов Ғазий Жумабайұлы, «Алматы электр станциялары» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директор – Бас инженері 

Ғазий Жұмабайұлы 1960 жылы 20 шілдеде Ресей Федерациясының Орынбор облысында дүниеге келген.

- Менің ата-анам ауыл шаруашылығымен байланысты ғылыми қызметкерлер болды. Әкемнің жақын досы Ормантаев Сағындық Айжарықұлы сол кезде 1-ЖЭО электр цехы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Ол маған өз жұмысы туралы көп айтатын.

Бірде ол маған станцияда экскурсия жасады. Бұл маған ұмытылмас әсер қалдырды. Мен сол кезде энергетик боламын деп шештім, - деді Ғазий Жұмабайұлы. 1982 жылы Алматы энергетика институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген.

Оқуды бітіргеннен кейін Ғазий Жұмабайұлы сол жерде жоғары кернеулі техника кафедрасының инженері болып жұмысқа орналасады. Үш фазалы басқарылатын реакторлар бойынша екі авторлық куәліктің тең авторы. Алматы 2-ЖЭО-дегі еңбек жолы 1986 жылы басталды. Мұнда ол кезекші электр монтерден станция ауысымының бастығына көтерілді. Өзін міндетті, бірбеткейлі, мақсатты және кәсіби білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіріп отыратын қызметкер ретінде көрсетті. 2002-2007 жылдары Ғазий Жұмабайұлы «АПК» АҚ орталық диспетчерлік қызметінде еңбек етті.

Оқуды бітіргеннен кейін Ғазий Жұмабайұлы сол жерде жоғары кернеулі техника кафедрасының инженері болып жұмысқа орналасады. Үш фазалы басқарылатын реакторлар бойынша екі авторлық куәліктің тең авторы. Алматы 2-ЖЭО-дегі еңбек жолы 1986 жылы басталды. Мұнда ол кезекші электр монтерден станция ауысымының бастығына көтерілді. Өзін міндетті, бірбеткейлі, мақсатты және кәсіби білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіріп отыратын қызметкер ретінде көрсетті. 2002-2007 жылдары Ғазий Жұмабайұлы «АПК» АҚ орталық диспетчерлік қызметінде еңбек етті. 

- Бас инженері болып жұмыс істейді. Осы жұмыс кезеңінде ол 2-ЖЭО-де өнімділігі сағатына 420 тонна бу болатын №8 қазандық агрегатын пайдалануға беруге қатысты. Оның тікелей қатысуымен «АлЭС» АҚ қызмет аймағында Алматы қаласын жылумен жабдықтау схемасы іске асырылды, оның ішінде әлеуметтік маңызды объекті ретінде  «Алматы қаласының Алатау ауданында 2017 жылғы Универсиада нысандарын жылумен жабдықтау үшін 2-ЖЭО жылу шықпаларын қайта жаңарту».

Оның басшылығымен «АлЭС» АҚ үшін де, Алматы қаласының тұрғындары үшін де экологиялық жүктемені азайту жөніндегі аса маңызды іс-шаралар талқылануда және әзірленуде. Атап айтқанда: 2017 жылдан бастап, Алматы 1-ЖЭО-да көмір жағудан бас тарту және табиғи газды жағуға толық көшу жүзеге асырылды. Ғазий Жұмабайұлы электр және жылу энергиясын озық өндірудегі күрделі және көп жоспарлы мәселелер шеше білетін, идеяларды түрлендіретін және осы жобалар мен идеяларды үнемі нақты іске асыруға қол жеткізетін іскер адамның жарқын мысалы болып табылады. Ғазий Жұмабайұлы жұмыс істеуге жайлы басшылардың ерекше санатына жатады. Оның беделі кәсібилікке, күрделі мәселелерді шешуге және, әрине, өз ісіне деген сүйіспеншілікке негізделген. Ғазий Жұмабайұлының үлкен өндірістік тәжірибесі бар. Ол әрқашан тілдесуге әзір. Оның жоғары кәсібилігі, тиімді басқару шешімдерін қабылдау қабілеті электр энергетикасы саласында лайықты беделге ие болды.        

-Энергетика маманы – тәртіп пен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Барлық жерде, соның ішінде нұсқаулықтарды сақтау, шешім қабылдау кезінде айқындық болуы керек. Мұның бәрі менің мінезіме жат емес, - деп атап өтті мерейтой иесі.

Кейіпкеріміз жұмыстан бос уақытында сүйікті істерімен айналысады. Ол спортпен шұғылданады. Мектеп және студенттік жылдары бокс және жеңіл атлетикамен айналысты. Қазіргі уақытта триатлонмен айналысады, жүгіру, жүзу және велоспорт бойынша жарыстарға қатысады, өзінің жас санатында жүлделі орындарға ие болды. Салауатты өмір салты-оның отбасының ұрандарының бірі.

 

 

Ғазий Жұмабайұлының екі басты мақсаты бар. Біріншісі – «АлЭС» АҚ-ның өркендеп дамуы, екіншісі-Босфор бұғазын жүзіп өту. Әріптестері мен оның отбасы оларды жүзеге асыратынына сенімді.