Қапшағай ГЭС-гі жөндеу науқаны

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан бастап Қапшағай ГЭС өндірістік департаментінде жөндеу науқаны ресми түрде басталды. Айтарлықтай жұмыс көлемі жоспарланған.

Бірінші болып Қапшағай ГЭС мамандарының басшылығымен және бақылауымен «Универстро» ЖШС мамандандырылған мердігерлік ұйымдардың күшімен №1 гидроагрегатын бөлшектеу, аспаптық тексерулер жүргізу және қалдық ресурсын анықтау секілді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

- Жұмыс жеңіл өтті деп айтуға болмайды. Жөндеу барысында гидрогенератор статоры орамасының паздарын сыннан өткізу, металл қаптамадағы зақымданулар мен жарықтарды жою және турбинаның жұмыс дөңгелегі камерасында қапталған бетон негізін қалпына келтіру бойынша қосымша көлемді жұмыстар анықталды, - деді Қапшағай ГЭС Басқарушы директоры Бақдәулет Устенов. - Бірлескен күшпен барлық ақаулар жойылды. Гидроагрегат 2020 жылдың 22 мамырында сағат 23: 52-де жүктемеге қосылды. Оның пайдалануы 48 сағат бақылауға алынып, жөндеу ресми аяқталды.

Келесі күні 23 мамырда №3 гидроагрегатқа жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қапшағай ГЭС электр машиналық цехының жөндеу қызметкерлерінің күшімен гидроагрегаттың, Т-3 күш трансформаторының, 22Т меншікті қажеттіліктер трансформаторда және қосалқы жабдықтардың негізгі тораптарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Алда тағы да №2, №4 гидроагрегаттарын, Т-2 және Т-4 трансформаторларын, қосалқы және жалпы станциялық жабдықтарды, сондай-ақ станция ғимараттары мен гидроқұрылыстарын жоспарлы ағымдағы жөндеу күтіп тұр.

Анықтама: 1970 жылы № 1 ст. ПЛ2-50-642-В-650 гидротурбинасы пайдалануға берілген. Пайдалану кезінде гидроагрегатта қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес көлемде және мерзімде жоспарлы ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілді. 2012 жылы гидроагрегатын бөлшектеу, аспаптық тексерулер жүргізу және қалдық ресурсын анықтау секілді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қызмет ету мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылды.