Благословение старших – лучшая награда

«АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері, еңбек майданының 6 қатысушысы және соғысқа қатысушыларға теңестірілген Ауған соғысының 6 жауынгерін Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Биылғы жылы коронавирус індетінің кесірінен барлық мерекелік іс-шаралар тоқтатылды. Сондықтан «Энергожөндеу» ӨЖК бұрынғы қызметкерлерін, яғни ардагерлерді үйінде құттықтады. - Жыл сайын дәстүр бойынша ардагерлерге бейбітшілік үшін алғыс білдіреді. Өкінішке орай, Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері, кәсіпорынның бұрынғы қызметкері, Курганов Михаил Николаевич өткен жылы 95 жасында өмірден озды. Ардагердің жесірі Курганова Наталья Федоровнамен хабарласып, әрдайым қол ұшын беріп, жәрдем етіп тұрамыз. Біз ол кісіге шатыр, балконды жөндеп, жаңа электр есептегішті қойып бердік, – деді «Энергожөндеу» ӨЖК «Кәсіподақ Энергия» жергілікті кәсіподағының төрағасы Сырымбет Тұрожанов.

«Энергожөндеу» ӨЖК 1-ЭЖЖЦ турбина учаскесінің шебері, «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенді мүшесі Ибрагим Суанбеков, ардагерлерді құттықтай отырып, жастары 90-нан аса отырып, аталарымыздың өмірге деген құштарлығын көріп таң қалғанын айтты. «Өмір қартайса да, көңіл қартаймайды» деген осы. Келетіндігіміз туралы алдын-ала ескерттік. Олар бізді асыға күтіп отырды. Олар басынан өткен қиын заман туралы әңгімелеп береді. Ардагерлерге гүл, азық-түлік, тіпті ақшадан гөрі, ең алдымен оларға көңіл бөлген маңыздырақ. Бізге шын жүректен алғыс айтып, сәттілік пен табыс тіледі».

– Қуаныш сыйлау да бақыт! Біз жиі мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп тұрамыз. Маған еріктілер қатарында болған қатты ұнайды. «Жарқын Болашақ» жастар ұйымына келген алғашқы күннен бастап, біз қайырымдылықпен айналысамыз. Менің әкемнің үнемі айтатыны: «Балам, бата – халық қазынасы». «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер». Менің әкем-біздің кәсіпорында Суанбековтар әулетінің үлкені. Мен сол кісінің ізін жалғастырудамын. Менің жолым болды деп ойлаймын... - деп бөлісті «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенді мүшесі, «Энергожөндеу» ӨЖК 1-ЭЖЖЦ турбина учаскесінің шебері Тамирлан Ахметжан.

Әңгімені «Энергожөндеу» ӨЖК дәнекерлеу және металл қызметінің дефектоскописі Сағи Айтбаев жалғастырды: Осындай ерекше күні ардагерлерді құттықтаушылардың бірі болып бару - мен үшін мақтаныш. Біз оларды қуантып, мерекелік көңіл-күй сыйлауға асықпыз. Бізді көрген ардагерлеріміздің көздеріне қуаныш ұялап, шаттықтан жүздері жайнап кетті. Қанша жылы лебіздер... Біздің ардагерлерімізге бүгінгі бейбіт өмір үшін, осы күн үшін, ашық аспан үшін, бақытты өмір үшін рахмет.

- Бұрын біз ардагерлердің құрметіне кәсіпорынға мерекелік дастархан жайып шақыратын едік. Дастарханға ыстық тағам, қазы, бауырсақ,әртүрлі салаттар қойып қарсы алатынбыз. Ардагерлер әрқашан риза болып кетеді. Олар бұл күнді асыға күтті. Кездесу барысында, әзілдеп, әңгіме айтып, біздерге алғыстарын жаудыртып жатады. Бірақ екінші жыл Мамонов Владимир Григорьевич бізді үйде тағатсыздана күтуде. Атамыз 91 жаста. Жалғыз өзі тұрады, өзінің тамағын өзі дайындап, үй тірлігін де атқарады. Немерелері мүмкіндігінше келіп тұрады. Талдықорғаннан туыстары айына бір рет келіп, қал-жағдайын біліп тұрады. Карантиннің кесірінен, міне екінші ай атаға ешкім келмеген. Атамыз зейнетақысын алғанда, алдымен немерелеріне «Рахат» кондитерлік фабрикасынан біздің отандық сүйікті «Қазақстан» тәттісін сатып алады. Ол бізге де дәмін таттырады. Әрине, бұл кісінің қолынан дәм алу – біз үшін бақыт. Әсіресе, ерекше мейірімділікпен ұсынғаны, одан бетер қуантады. Осы кезде мен 94 жасында өмірден озған сүйікті атамды көз жасыммен еске аламын, - деді «Энергожөндеу» ӨЖК жетекші инженер-бағдарламашы, «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрайымы Фариза Ботақараева.

Ардагерлерге азық-түлік себеті мен ақшалай сомада сыйлық табыс етілді. Фариза Ботакараева