1-ЖЭО вахталық жиналыстар

2020 жылғы қаңтар айының соңында және ақпан айының басында 1-ЖЭО-де «АлЭС» АҚ 1-ЖЭО 2019 жылғы жұмыс қорытындысы» тақырыбы бойынша жыл сайынғы вахталық жиналыстар өткізілді.

Станция басшылығы жедел және күндізгі қызметкерлер алдында өндірістік-техникалық және қаржылық-экономикалық көрсеткіштер жөнінде, қызметкерлер және кадрлардың тұрақтамауы туралы мәліметтер туралы есеп берді.Технологиялық бұзушылықтар саны туралы, еңбекті қорғау және жарақаттану бойынша, жабдықтарды жөндеу және жай-күйі бойынша, алдағы кезеңге перспективалары талқыланды.1-ЖЭО «Энергия» кәсіподағының төрағасы 2019 жылғы қызметі туралы есеп берді.

- Энергияны үнемдеу, өндірістік шығындар, жалақыны индекстеу мәселелеріне ерекше назар аударылды, - деп атап өтті станцияның Бас инженері Алексей Андреевич Ким.Біз департаменттің негізгі өнімдерін шығаруға және босатуға, өнертапқыштық ұсыныстарды әзірлеуге және енгізуге назар аудардық.Негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеуді нақты жоспарлау, бюджетті құру, бекітілген режимдік карталарға сәйкес жабдықтарды дұрыс пайдалануды жүргізу қажеттілігі бөлек атап өтілді.

Басқарушы директор Сырғабаев Исахан Ақтанұлы жиналысқа жалпы қорытынды жасай отырып, өткен жылы атқарған табысты жұмысы үшін әріптестеріне алғысын білдірді және барлық қызметкерлерге апатсыз жұмыс, жарақаттанушылыққа жол бермеу, еңбек қызметінде табыс, зор денсаулық және отбастарына бақ-береке тіледі.