Самұрық-Энерго бизнесті дамыту үшін жаңа идеяларды бастау сәті

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов Ақпараттық күн аясында Қоғамның қызметтің тиімділігін арттыратын жаңа идеяларды жүзеге асыруға барлық ЕТҰ-ны шақырды.

«Самұрық-Энерго» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ қорымен бірлесіп Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру тәсілдерін қайта қарады. Бүгінде өндірістік міндеттерді шешу, өндіріс қуатын арттыру үшін цифрлық шешімдерді қолдану басты назарымызда.

Қазан айында компания Жобаларпортфелі жаңартылып, қайта жасақталды. Ол стратегиялық мақсаттарға жетуге, компанияның құнын арттыруға және операциялық шығындарды азайтуға бағытталған.

Ақпараттық күн барысында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов Холдингтің барлық еншілес ұйымдарына жаңа идеяларды генерациялау бойынша жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.

«Идеяларды жинау бастау сәтін жариялаймын. Ең жақсы идея үшін жыл соңына қарай ақшалай сыйақы тағайындалады. ЕТҰ-ның бірінші басшыларына идея әзірлеу туралы ақпаратты өз қызметкерлеріне жеткізу және жергілікті жерлерде кеңестер өткізу қажет», - деп атап өтті Бақытжан Жоламанов.

«Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік порталында start.samruk-energy.kz «идеялар мен ұсыныстар» бөлімі әзірленді. Ол «Қызметті жақсарту бойынша идеяны ұсыну» бөлімін қамтиды https://start.samruk-energy.kz/ru/dashboard/content/idea/add2

Сондай-ақ, өз идеясын электрондық мекен-жайға жіберуге болады. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін телефон жұмыс істейді: 553-102 (10 202).

Компания тобының кез келген қызметкері өз ұсынысын қалдыра алады.