АлЭС: Біз бірге -күшпіз, бірге- одақ!

АлЭС кәсіподағы - Алматы қаласындағы күшті және ірі кәсіподақ ұйымының бірі. Алматы өңірі бойынша «Парыз-2019» байқауында «АлЭС» АҚ Ұжымдық шарты 1-орынға ие болды. «АлЭС» кәсіподақ» филиалының мүшелері еңбек ұжымдарымен үнемі байланыста болады, еңбек ұжымдары мүшелерінің әлеуметтік және еңбек мәселелері бойынша шағымдары мен өтініштерін мұқият қарайды, жұмыс орындашыларды арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да қорғану құралдарымен қамтамасыз ету мәселелерін тұрақты бақылауда ұстап, қажетті құқықтық көмек көрсетеді.

«АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Н.Мухамед-Рахимов - ҚР Кәсіподақтары федерациясының үздік әлеуметтік серіктес болып танылды және Қазақстанның кәсіподақтар күніне арналған іс - шаралар аясында ҚРКФ «Үздіқ әлеуметтік әріптес» медалімен марапатталды, - деп атап өтті «АлЭС» кәсіподағы» филиалының төрағасы Валерий Ситдиков.

Белсенді жемісті еңбегі үшін 2-ЖЭО кәсіподақ комитетінің төрағасы С. Тымбасбаев «Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы» ҚБ «Құрмет Белгісі» медалімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен А. Түменцев, релелік қорғау және автоматика қызметінің бастығы, П. Хайрамов, 1-ЖЭО қазандық жабдықтары бойынша машинист-қараушы марапатталды.

«Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы» Қоғамдық Бірлестік Құрмет грамотасын «Энергия» жергілікті кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С. Турожанов, «Энергия» жергілікті кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің бас бухгалтері В.Закопайло, 3-ЖЭО кәсіподақ комитетінің төрағасы Г. Жаманбаланова ие боды.