АлЭС: макулатура тапсыр – ағашты құтқар!

 

«АлЭС» АҚ 2019 жылғы тамыз айында басталған «Макулатура тапсыр – ағашты құтқар!» челленджі басталып, қыркүйек айының соңында аяқталды.

- АлЭС жұмыскерлері табиғи ресурстарды сақтау, қалдықтарды бөлек жинау қағидаларын ілгерілету жөніндегі акциясын қолдап, макулатура жинау процесіне белсене түрде қосылды. Барлығы 3 204 кг макулатура тапсырылды.


Ең көп 1 140 кг қағаз тапсырған 2-ЖЭО, ал 1-ЖЭО 650 кг, 3-ЖЭО– 220 кг, Қапшағай ГЭС – 140 кг, Каскад ГЭС - 70 кг, «Энергожөндеу» ӨЖК - 984 кг жинады, - деп атап өтті экология қызметінің бастығы Зоя Арзюкова.

Макулатура жинау - ормандарды кесу мәселесін толық шеше алмайды. Макулатураның 1 тоннасы 4 текше метрге жуық сүректі ауыстыратыны белгілі, сондықтан макулатураны пайдалану ағашты айтарлықтай үнемдеуге және ағаш кесуді азайтуға мүмкіндік береді. Макулатураны жинап тапсыру, ағаштың бір бөлігін кесуге ғана емес, қоқыс тастайтын жердің аумағын азайтуға да болады.

 

- 60-дан 100 килограмм макулатура 1 ағашты сақтайды дейтін тұжырым бар. Төрт апта ішінде АлЭС жұмыскерлері 3 204 кг жинап, 30 ағашты құтқарды, - деді экология қызметінің бас маманы Елена Сильвестрова. Әрбір адам ғаламшардың болашағы үшін өз жауапкершілігін сезінуі тиіс! Осы жауапкершілікті адамдардың көбісі дәл бүгіннен бастап түсінсе, болашақ ұрпағымызға қалдырарымыз мол, ол дегеніміз талы көп, жері таза, экологиямызға нұқсан келмес еді.

- Макулатураны үнемі тапсыруды, жақсы әдетке айналдыру қажет,- деп ұсынды экология қызметінің бас маманы Салтанат Жанахметова.

Естеріңізге сала кетейік, макулатура (лат. maculo-ластау) дегеніміз - қағаз фабрикаларында қайталама шикізат ретінде қолданылатын қағаз бен қатырма қағаздан жасалған өз мерзімін өткерген бұйымдар. Макулатурадан қағаз бен қатырма қағаз өндіру олардың ағаштан жасалған өндірісіне қарағанда 60% аз энергияны талап етеді. Бұл ретте ауаның ластануы 15% — ке, ал судың ластануы 60% - ке төмендейді.

 

«АлЭС» АҚ жұмыскерлері қоршаған ортаны қорғауға, ағаштарды кесуден құтқаруға, жалпы Алматы қаласы мен Алматы облысының қолайлы экологиялық жағдайын дамытуға өз үлесін қосты.