Жазғы жүгіру басталды

2019 жылы 22 маусымда Алматыда алғаш рет кешкі жазғы жүгіру өтті. Барлығы 1200 адам қатысты.

Біз 12 км жүгірдік. Ұйымдастырушылар Almaty Arena кешені атты жаңа орынын таңдады. Осындай бағыт бойынша жүгіру өте керемет екен, тегіс жол, таудан келген таза ауа, атмосфера қуатты күшпен жігерлендіреді. Осындай іс-шараларға, әр түрлі спорттық кондициядағы, жас шамасына қарамастан көптеген қызықты адамдар қатысады. Бұл менің екінші рет ресми жүгіруге қатысуым. Бастау алдында жеңіл толқу сезіліп, жүрек соғуы жиілей бастайды. Ұтыс мәресіне жетіп, саған медаль табыс еткеннен кейін, өзіңе-өзі қанағаттанушылық сезімі келіп «Жүгіруші эйфориясына» кенелдім. Біз үлкен күш-қуат пен жағымды естеліктер алдық, оны басқа да жүгірістерде сезінгім келеді! –деді Кайсар Кабиев қаржы ресурстарын басқару бөлімінің жетекші экономисі.

«АлЭС» АҚ командасы 2019 жылы 29 маусымда «Tengri Ultra. TunRun» марафонына қатысуы жоспарланған. Аталған бұқаралық спорттық іс-шаралардың мақсаты-дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға баршанышақыру, яғни белсенді өмір салтын насихаттау.