АлЭС қызметкерлері жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларды сыйлықтармен қуантты.Алматы қаласындағы №3 жалпы білім беретін мектептің көп балалы толық емес отбасыларының 28 оқушысы жаңа портфельдер мен аяқ киіммен қамтылды.
- Біз әр баланың көзінен қуаныш көргіміз келеді. Сондықтан да өз бастамасымен құрал-жабдықтар, баға мониторингі және жергілікті қамтуды дамыту және мердігерлік жұмыстар бөлімдерінің жұмыскерлері балаларға сыйлықтар сатып алды, - деді Төлеген Қодасов баға мониторингі және жергілікті қамтуды дамыту бөлімінің бастығы.
АлЭС қызметкерлері қайырымдылық акцияларына барынша мейірімділік, шынайылық пен пайданы салуға тырысады.