1-ЖЭО: футболдан жыл сайынғы жарыс

Футбол

 

2019 жылдың сәуір айының соңында «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттері және МКҚБ командаларының арасында кіші-футболдан жыл сайынғы жарыс ұйымдастырылды. Аталған жарысқа 1-ЖЭО-да цех командасы, Энергожөндеу ӨЖК 1-ЭЖЖЦ учаскесі және МКҚБ командасы қатысты. Бұл спорттық жарыс дәстүрге айналды.

 

Футбол

 

8 құрама командалар жеңіске жету үшін аянбай күресті. 8-ші матчтың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды, олар:

1 орын – 1-ЖЭО Қазандық цех командасы;
2 орын – ЖАжӨЦ командасы;
3 орын – 1-ЖЭО турбиналық цех командасы.

 

- Жастардың футболға деген қызығушылықтары қанына сіңген, доп алаңға шақырып тұратындай болады. Бұл турнир жыл сайын өтетіндіктен, ескі достарымен, қарсыластарымен жаңа сезімге толы жаңа кездесу. Қатысушылар жанын салады,- деп ойынды талқылады1-ЖЭО басқарушысының қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарыАлибек Тастанбеков.

Барлық ойыншыларға және командаларға, жеңімпаздарға, дипломдар, бағалы сыйлықтар мен кубоктар берілді.

 

Футбол