«Алматы электр станциялары» АҚ реттелетін қызметтер ұсыну бойынша «АлЭС» АҚ 2018 жылғы қызметі жөніндегі жыл сайынғы есеп беру тыңдаулары өтті

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР заңына сәйкес 2019 жылғы 16 сәуірде 1-ЖЭО – да реттелетін қызметтер ұсыну бойынша жыл сайынғы тыңдаулар өтті. «Алматы электр станциялары» АҚ табиғи монополия субьектісі болып табылады және жылу энергиясын өндіру мен магистральді құбырлар арқылы су беру бойынша Табиғи монополия субьектілерінің мемлекеттік тіркелімінің Республикалық бөліміне енгізілген. Қоғамдық тыңдауларға уәкілетті және мемлекеттік органдардың өкілдері, тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат көздері, тәуелсіз сарапшылар және т.б. қатысты.

«АлЭС» АҚ есепті 2018 жылдағы инвестициялық бағдарламасының орындалуы және қызметінің негізгі қаржылық – экономикалық көрсеткіштері жөнінде «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы, Алматы қ. маслихат депутаты Н. Мұхамед – Рахимов егжей – тегжейлі есеп берді.

- 2018 жылдың қорытындысы бойынша жылу энергиясын өндірудің іс жүзіндегі көлемі 5 527 мың Гкал құрады, бұл бекітілген тарифтік сметада қарастырылған көлемнен 183 мың Гкал немесе 3% артық. Жылу энергиясын өткізуден түскен пайда 21 647,1 млн. теңге, шығын 21 777,5 млн. теңгені құрады. Жылу энергиясын өндіру қызметінен болған шығын (-130,4) млн. теңге. Реттелетін қызметтерді көрсетуге жұмылдырылған активтерден болатын амортизациялық аударымдар сомасы 1 069,8 млн. теңге инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға және «Алматы 2- ЖЭО қайта құру және кеңейту. ІІІ кезек. №8 қазанагрегаты» инвестициялық займы бойынша сомасы 1 431,7 млн. теңге негізгі қарызды өтеуге бағытталды, - деп көрсетті берген есебінде «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов.

2018 жылдың қорытындысы бойынша магистральді құбырлар арқылы су беру қызметі бойынша көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі көлемі 30,8 млн. м3, бұл бекітілген тарифтік сметада қарастырылған көлемнен 2,2 млн.м3немесе 8% артық. Химиялық тазартылған суды өткізуден түскен табыс 1 824,0 млн. теңгені құрады, шығын мөлшері 1 740,6 млн. теңге, пайда 83,4 млн. теңге. Қолданыстағы заңнамаға сай пайда мен амортизациялық аударымдар Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталады. Магистральді құбырлар арқылы су беру қызметі бойынша 2018 жылға арналған бекітілген Инвестициялық бағдарламада қарастырылған іс шаралар меншікті қаражат есебінен толқы көлемде 33,0 млн. теңгеге орындалды.

Басқарма Төрағасы компания қызметінің перспективаларына, нақты айтсақ, Алматы энерго кешенін газдандыру жобалары, Алматы 2-ЖЭО жаңарту, 1-ЖЭО кеңейту және т.б. жоспарланған жобаларға тоқталды.

Қатысушылар тарапынан «АлЖЖ» ЖШС -пен берілетін температуралық кестенің орындалуы, желілік су қысымына қолдау жасау, инвестициялық займдарға қызмет көрсету шығындары, «АлС» АҚ қызметінің перспективалары туралы сұрақтар қойылды, барлығына нақты жауап берілді.