Ұмытылмас мереке

Қапшағай  ГЭС қала құраушы кәсіпорын болып табылады. Сондықтан жыл сайын аталған өндірістік департамент  Қапшағай қ. «Наурыз»  мерекесін тойлауға белсенді қатысады. 2019 жылғы 21 наурызда қала алаңында шатыр тартылып, дархан көңілмен ақ дастархан жайылды.

- Осындай күн сәулесі нұрын шашқан мерекелік күнде келген әр қонағымызды құшақ жая қарсы алдық. Олардың арасында зейнеткерлер, көп балалы отбасылар, Қапшағай ГЭС департаментінің жұмыскерлері мен олардың балалары болды, - деді Қапшағай ГЭС басқарушы директоры Бағдәулет Үстенов. – Біз екі үлкен үстел қойып, дастархан жайдық. Шамамен 150  -дей адам, соның ішінде  интернаттың 30 баласы ақ көңілмен жайылған  дастархан басында жиналып, Ұлыстың ұлы күнінде бір бірімізге  ыстық тілектерімізді тілеп жаттық.